«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.10.2014

ДІНМҰХАММЕД ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Оралхан Бөкей атындағы XVI республикалық байқау өз мәресіне жетті. Көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында облыс намысын қорғаған Дінмұхаммед Аяхвай екінші орынды жеңіп алды. Ол – Петропавлдағы өнер колледжінің “Актерлік өнер” мамандығының 4-курс студенті. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталығында туып-өскен. Ата-анасы 1992 жылы Моңғолия елінен атамекенге оралғандардың қатарында болды. Оқушы кезінен гуманитарлық пәндерге қызығушылық танытқан ол облыс …

ДІНМҰХАММЕД ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Read More »

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚТЫ

Петропавл қаласында болған өрт екі бірдей баланың өмірін қиып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат туралы ақпарат “101” нөміріне қазан айының 21-ші жұлдызында түскі уақытта түскен. Кейін анықталғандай, Пугачев көшесі, 265 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде мүлік пен жеке заттар отқа оранып, нәтижесінде баспанада болған 2 бүлдіршін түтінге тұншығып қалған. Оқиға орын …

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚТЫ Read More »

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ЗОР

Облыс орталығында орналасқан №3 аурухана жаңа қондырғымен толықты. Хирургия бөлімшесіне қойылған бейнеэндоскопиялық кешеннің жалпы құны – 14 миллион теңге.

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Елімізде соңғы жылдары енгізіліп жатқан білім беру жинақтау жүйесінің қаржылық ұтымдылығынан басқа, моральдық жағынан үлкен бір артықшылығы бар. Ол әрбір азаматқа өзін қамқор да, сүюші ата-ана ретінде көрсетуіне, ал балаға үлкендердің қамқорлығын сезініп, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Егер балаларымызға қазір көбірек көңіл бөліп, олардың біз үшін маңыздылығын көрсете білсек, олардың да өздеріне …

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ Read More »

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының шешіміне орай одақтың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшылығында өзгеріс болды. Одақ басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің бұйрығымен жазушы Жарасбай Сүлейменов Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.

ЖЫЛЫ СӨЗДІҢ ӨЗІ ДЕМЕУ

Мен алпысты еңсеріп қалған қариямын. Осы жасқа келгенше өмірдің талай қызығын көріп, қиындығын бастан өткердім. Әрине, денсаулығың мықты, күш-қуатың болған кезде өмірге деген көзқарасың басқаша болады. Бірақ аумалы-төкпелі мына заманда бәрі де бір күнде өзгеріп шыға келуі әбден мүмкін екен.

ОБЛЫСТАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жекешелендіру жөнінде міндет жүктеді. Ол экономика салаларының тиімді жұмыс істеуін жақсартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және салық салынатын базаны кеңейтуге мүмкіндік беруге тиіс.

ЖОЛАЙРЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Петропавл – Астана, Петропавл – Жезқазған бағыттарының түйіскен тұсында салынған жолайрық пайдалануға берілді. Бұл мақсатқа ел қазынасынан бөлінген қаражат – 986 миллион теңге. Құрылысты жүргізген елордалық “КазПако” фирмасы аталмыш жол учаскесін белгіленген мерзімде іске қосты.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

26 қазан – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Соған орай кеше С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өткен салтанатты шарада өңір басшысы Ерік Сұлтанов аталмыш сала мамандарын мерейлі мерекелерімен құттықтап, үздіктерге облыс әкімі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын, “Еңбек ардагері” медальдары мен “Әлеуметтік еңбек саласының үздігі” төсбелгілерін, кәсіби шеберлік …

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ Read More »

ЭЛЕВАТОР – ШЕШУШІ БУЫН

Теріскейдің құбылмалы ауа райы диқандардың жоспарына әсер етпей қоймады. Соңғы күндері толассыз жауған қар мен жауын-шашын орақ науқанын аяқтауға қолбайлау болып тұр. Бидай ылғалдылығы жоғары болғандықтан, оны қабылдау мен кептіру кестесінің уақыты да кешеуілдеп жатыр. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов Аққайың ауданына сапары кезінде элеваторлардағы жұмыстың жайымен танысты.