«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.10.2014

КӨКТАЙҒАҚТАН ЖАРАҚАТ АЛҒАНДАР БАР

Күз орта белінен аспай, қыс өз билігін үстемдік етуде. Қар аралас жауған жаңбыр, ауа температурасының күрт төмендеуі кеше ғана жүріп өткен жолымызды айнадай жалтыратып, көктайғақ басты. Соның салдарынан жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың саны өсуде, дейді №3 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің дәрігері Вали Бедешев. Күн суытып, қар жауғалы бері облыс орталығында 200-ге жуық адам …

КӨКТАЙҒАҚТАН ЖАРАҚАТ АЛҒАНДАР БАР Read More »

МҮМКІНДІГІ МОЛ ҚОНДЫРҒЫЛАР

Облыстық балалар ауруханасы тағы бір осызаманғы медициналық құрал-жабдықпен толықты. “Ergos 50” лор-комбайн деп аталатын аталмыш құрылғы мұрын, жұтқыншақ және көмейге жүргізілетін диагностикалық тексеру және емдеу кезінде пайдаланылады.

ЕМДІК СУДЫҢ ШИПАСЫ

Минералдық сулардың емдік қасиеті бары ежелден белгілі. Көбіне-көп созылмалы гастрит, асқазанның жарақаты сырқатын (язва), ішек жұмысының түрлі себептен бұзылуын, сондай-ақ, зәр жолдарының сырқатын емдегенде осы суларды ішу қажет.

АЙЫРТАУЛЫҚ НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КІНДІК АНАСЫ

Айыртаулық Светлана Оразалина медицина саласындағы өмірінің 24 жылын акушерлік іске арнаған. Аталмыш ауданның орталық ауруханасында қызмет ететін оны “Айыртаулық сәбилердің кіндік анасы” деп толықтай атауға негіз бар. Себебі, ол аурухананың перзентхана бөлімшесінде қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол талай нәрестені қабылдап алған. Светлана Сарбаевна Көкшетау қаласындағы медициналық колледжді акушер мамандығы бойынша тамамдаған. Қызметін қазіргі …

АЙЫРТАУЛЫҚ НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КІНДІК АНАСЫ Read More »

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ

Облысымыз қатерлі ісік дертінің таралуы бойынша бірнеше жыл қатарынан көшбастап келеді. Оның ішінде өкпе обырынан кейін сүт безімен ауыратындардың үлесі басым. Және жылдан-жылға бұл көрсеткіш ұлғаймаса, кеміген емес. Бұл дерттің алдын алу мен күресудің жолдарын білмек болып облыстық онкологиялық диспансердің маммолог дәрігері Майя Исмұратованы әңгімеге тартқан едік. – Әлемде соңғы он жылдықта сүт безі ісігі …

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ Read More »

ҚАРАҚШЫЛАР – ТҰЗАҚТА

Үй тонаушылар, қалта қаққыштар, қарақшылар, әдетте, әлжуаз, дәрменсіз адамдарды аңдиды. Сөйтіп, балаларға, яки қорғансыз қартаң адамдарға тізе батырады. Осындай оқиға таяуда Мамлютка қаласында орын алды. Сол күні кешкілік жетпіс екі жасар кейуана ақсақалымен үйінде бейқам отырғанда бетперде киіп алған екі адам бөлмеге баса-көктеп кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, ақша тауып беруді талап етеді.

БОЗКІЛЕМДЕ – ЖАС БАРЫСТАР

Облысымызда биыл екінші рет қазақ күресінен “Жас барыс” облыстық іріктеу турнирі өтті. Бұл белдесулерде өңіріміздегі барлық аудандар мен Петропавл қаласынан жиылған екі жүзге тарта жас балуан өзара бақ сынасты.

ЕСІРТКІГЕ ЖЕТКІНШЕКТЕР ДЕ ЕЛТІП ЖҮР

Жақында облыстық ішкі істер департаментінде полиция қызметкерлері жастардың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, басқосуда нашақорлықпен күрес мәселесі сөз болды.

ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде “Төтенше жағдайлардан қорғау” мамандығы бойынша 19 оқушы білім алуда. Тәуекелі мол әрі қиын мамандықтың қыр-сырына қанығып жатқандардың арасында Диана Жәкенова және Александра Екимова сынды қыз балалар да бар. Шахрам Тошев осы кәсіпті игеру үшін сонау Өзбекстан Республикасынан келіпті.

КЕЗЕКТІ ЛЕК АТТАНДЫ

Қорғаныс істері жөніндегі департаментте әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Шараға олардың туған-туыстары, департаменттің қызметкерлері және Қарулы Күштер ардагерлері қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты шығару мен Гимнді орындаудан басталды. Содан кейін болашақ жас сарбаздарды құттықтаған қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Еркінбек Байболов солтүстікқазақстандықтардың әскери борыштарын абыройлы атқаратындықтарына сенім білдірді. Сондай-ақ, жастар арасында …

КЕЗЕКТІ ЛЕК АТТАНДЫ Read More »

СӘТТІ ПРЕМЬЕРА, ЖАҚСЫ ҚОЙЫЛЫМ…

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының биылғы маусымға арналған репертуарлық жоспарына көз сала отырып, қазақ, орыс драматургтерінің ежелден белгілі туындыларына негізделген спектакльдерді көреміз. Сонымен бірге, әлемдік классиканың да туындылары барын байқаймыз. Солардың ішінде француздың әйгілі комедиографы Марк Камолеттидің “Шым-шытырық махаббат” атты пьесасы да бар.