«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.11.2014

ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ОКРУГ

Мамлют ауданындағы Новомихайловка ауылдық округінің негізі 1924 жылы 27 қазанда қаланыпты. Сол кезде оның құрамында 13 елді мекен болыпты. Бұл күні аталмыш округке Новомихайловка, Бексейіт, Катанай, Меңкесер және Токаревка ауылдары қарайды.

СӘКЕН СЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ студенттердің назарына ұсынылды

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі қоғам қайраткері, прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәкен Жүнісов туралы деректі фильм көрсетілді. Оған облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, фильмнің режиссері, ақынның інісі Орал Жүнісов қатысты.

КЕШЕ – ҰСТАЗ, БҮГІН – КӘСІПКЕР

Қазіргі таңда мемлекетіміз өз алдына жеке шаруасын ашып, алға ұмтылып отырғандарға жақсы қолдау көрсетуде. Оны сезінгендер істерін өрге бастырып, еңбегінің жемісін көруде. Осындай еңбекқор да үлгілі жандардың бірі – Ғали Құсайынов. Бүгінгі күні Жамбыл ауданының Троицкое ауылындағы “Фирма М.А.К.” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен “Тотаман” фермерлік қожалығына жетекшілік етіп отырған ол ауылдастарының арасында абыройға ие.

ЕСІМНЕН ШЫҚПАС ЕЖЕЛГІ ДОСЫМ

“Газет – өмір айнасы” деп бекерге айтылмаған ғой. Сондықтан республикалық, облыстық, аудандық мерзімдік басылымдарды үнемі алып тұрамын. Теледидар мен радиохабарларын да қалт жібермеуге тырысамын. Десек те, оған көбіне уақыт табыла бермейді. Сондықтан, елімізде болып жатқан жаңалықтардың көбін газеттен оқимын.

ӘДІСКЕРЛЕРІМІЗ ОЗА ШАПТЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы республикалық “Жылдың үздік әдіскері” байқауын өткізді. Алматы қаласында өткен байқауға біздің облыстың әдіскерлері де қатысты. Байқау бағдарламасында осызаманғы әдіскердің жетістіктерін көрсететін портфолионы қорғау, өзінің мамандығы жайлы эссе жазу, білім саласының өзекті мәселелері бойынша шеберлік сыныбын өткізу, ғылыми-әдістемелік жобасы мен авторлық бағдарламасын, сабақ жоспарын ұсыну, педагогикалық тәжірибе үлгілеріне сараптама жасап, рецензия …

ӘДІСКЕРЛЕРІМІЗ ОЗА ШАПТЫ Read More »

КҮЛДІРЕ ОТЫРЫП, ЖЫЛАТТЫ

Қызылжар өңірінде туып-өскен академик жазушылар: сырбаз Ғабит Мүсіреповтің, шежіреші Сәбит Мұқановтың лайықты ізбасары атанған Сафуан Шаймерденовтің “Дөкей келе жатыр” деген комедиясын Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы біздің Кішкенекөл ауылының сахнасында аудан жұртшылығының назарына ұсынды.

БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

“СҚО Ішкі саясат басқармасы” ММ облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелерін үздік баяндауға арналған жергілікті БАҚ журналистері, республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілері, баспасөз қызметтері, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, материал авторлары (штаттан тыс тілшілер) арасында байқау өткізеді. Оның ережесі 2014 жылы 15 наурызда облыстық БАҚ-тарда жарияланды.

Облыстағы сауда кәсіпорындарының қызметі

Үстіміздегі жылғы қыркүйекте 78 сауда кәсіпорнының қызметіне ішінара зерттеу жүргізілді, оның 48-і – көтерме сауда кәсіпорны (сұралғандардың жалпы санының 61,5%-ы), 30-ы – бөлшек сауда кәсіпорны (38,5%-ы).

БАҒУСЫЗ МАЛ – “БАРЫМТАШЫНЫҢ” ОЛЖАСЫ

Жақында Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөліміне Новоселовка ауылының тұрғыны екі жылқысының қолды болғанын айтып, шағым түсірді. Оның айтуынша, жылқылары табында жүрген. Енді барса, жоқ. Екі жылқының құны – 400 мың теңге. Аудандық бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ауылдық округтің жылқышыларынан жауап алды.

АЙЛЫҚ АЯСЫНДА АРДАГЕРЛЕРІН ҚОЛДАДЫ

Қарттарды қолдау айлығы аясында солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері ардагерлер кеңесінің қорына 8 миллион теңгеден астам ақша аударды. Қайырымдылық шараларының мәресі облыстық ішкі істер департаментіндегі Қарттар күніне арналған сенбіліктен бастау алып, өңір полицейлері ардагерлер кеңесінің қорына бір күндік еңбекақыларын қосты. Алпыстан асқан құқық тәртібі қызметінің 80-нен астам ардагері үшін департамент басшылығы қайырымдылық дастарқанын жайды. Айлық аясында 400-ге …

АЙЛЫҚ АЯСЫНДА АРДАГЕРЛЕРІН ҚОЛДАДЫ Read More »

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАР ТЕКСЕРІЛДІ

“Уют” республикалық акциясы аясында тәртіп сақшылары, құтқарушылар, білім бөлімінің қызметкерлері және кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне барып, олардың қысқа әзірлігі мен қауіпсіздігін тексерді.

БАЙҚАҒАЙСЫҢ, БАЛАҚАЙ!

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті” атты семинар-тренинг өтті. “Нөлдік төзімділік” республикалық акциясының аясында жүзеге асқан аталмыш шараға облыстық әкімшілік полициясы басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері мен кітапханашылар, “Темекіге қарсымыз” орталығының мамандары мен мектеп оқушылары қатысты.

ӘСКЕРИЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыс орталығындағы №6637 әскери бөлімнің құрылғанына 52 жыл толуына орай қалалық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

ДӘРІГЕРДІҢ ОРНЫНА МЕЙІРБИКЕ КЕЛІПТІ…

Мемлекеттік қызмет көрсету тұрғысында жеке және коммерциялық емес ұйымдармен өзара әріптестік жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында төрт мәселе қаралды.

ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ел Президентінің халыққа Жолдауы талқыланды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен құрылған “Халықтар келісімі” қоғамдық қоры сарапшылар тобының үшінші отырысы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Зиябек Қабылдиновтың қатысуымен ұйымдастырылды. Жиында ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар мен “Мәңгілік Ел” идеясы сөз болды.

ЖЫЛҚЫ ӨСІРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП

Есен-саулығын “Мал-жан аман ба?” – деп бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек. Ал жылқы – төрт түліктің төресі. Жылқы малын жаны сүйетін бауырларымыз арамызда бар-ақ. Олар ауданымызда жылқы шаруашылығын өркендетіп, өсіруге биылғы жылы жүзеге асырыла бастаған “Құлан” мемлекеттік бағдарламасы арқылы үлес қоспақшы. Осы жаңа бағдарлама бойынша үстіміздегі жылы 78,9 млн. теңгеге 9 жоба бойынша …

ЖЫЛҚЫ ӨСІРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

…Жалпы, қазақтардың ұлттық намысы басқа ұлттарға қарағанда өзгеше. Үш жүзге кіретін түрлі ру-тайпалардың бірігіп, Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен Қазақ хандығын құрып, қазақ атты тұтас ұлтқа айналғалы бес жарым ғасыр болса да, рулық сана-сезім мен рулық мүдде әлі күнге дейін басым. Обалы нешік, «Бар қазақ – бір қазақ» дегеннен гөрі, жүзге, руға бөліну бүгінгі қоғам …

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША? Read More »