АЯЗ АЯУШЫЛЫҚТЫ БІЛМЕЙДІ
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент «112» нөмірі арқылы ұялы телефонмен дауылды-боранды ауа райы туралы ескерту алғанда азаматтардың елді мекендерден жолға шықпауы қажеттігін ескертеді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент «112» нөмірі арқылы ұялы телефонмен дауылды-боранды ауа райы туралы ескерту алғанда азаматтардың елді мекендерден жолға шықпауы қажеттігін ескертеді.
Қызылжар ауданының Новокаменка ауылында Ұлттық спорт түрлері ОБЖСМ-ның оқушылары арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті. Спорттық шараға Ақжар, Айыртау, Шал ақын, Мамлют аудандарының, облыс орталығындағы қазақ-түрік лицейі, №8 ОМ және қазақ мектеп-гимназиясының өкілдері қатысты.
Облыстық ішкі істер департаменті экстремизммен күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Қанат Әмрин Айыртау ауданының бір тұрғынының қиянкестік әрекеті туралы баяндап, соның лаңынан түн ішінде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі аяғынан тік тұрғанын айтты.
Ішіп алып, төсекте жатып темекі тартатындар опық жемей қоймайтынына оқыс оқиғалар көз жеткізіп жүр. 12 қаңтардағы оқиға да осылайша орын алды. Петропавлдағы Бірінші Амангелді қысқа көшесіндегі екі пәтерлі үйде өрт шығып, 68 жастағы қарт қаза тапты.
Білім беру сапасын бағалаудың орталықтандырылған жүйесі елімізде 3 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ол әлі қалыптасу кезеңінде. Осы ретте республикамыздың білім беру саласында сыртқы бағалаудың жаңа құралдарын енгізу жөніндегі қанатқақты жоба жүзеге асырыла бастады.
Қазақ әдебиетінің классиктері Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің “Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит” атты кітабы жуырда Алматыдағы “Айғаным” баспасынан мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрді. Ұзақ жылдардан бері әдебиетіміздің қос алыбының мұражай-үйлерінің бас шырақшысы болып отырған Әділғазы бұл кітабына эсселер, …
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің жаратылыстану ғылымдары мен спорт факультетінде 2003 жылғы 16 қаңтардан бері ауыл шаруашылығы кафедрасы жұмыс істейді. Оған 2001 жылы аталмыш білім ордасында агроном, кейін фермерлік іс, орман қоры және орман шаруашылығы мамандарын әзірлейтін бөлімдердің ашылуы негіз болды.
Бүгінгі нарық ағыны қатты теңіз іспеттес. Желдің бағытын дұрыс таппасаң, үлкен толқындар жүзуге дес бермейді. Сол сияқты кез келген тауар өндірушінің бүгінгі нарық талаптарына бағытталған нық жоспары болмаса, әрі қарай еркін жүзуі екіталай. Ісінен нәтиже шығара алатындар ғана желкеннің бағытын өзіне лайықтай алады. Осындай нарық талаптарын еңсеруге машықтанғандардың бірі жерлесіміз Лейла Сайдашева мен оның “ViZaVi …
Мичеслав Левкович 1932 жылы 4 мамырда туған. Сол отызыншы жылдары Украинаның Житомир облысының Ярум ауданындағы Корытощи селосы гүлдеген алма ағашындай жайқалатын еді. Мұнда украиндер, поляктар, еврейлер тұратын. Осы шағын селоның тұрғындары өте тату болды, үй шаруашылықтарын ұстайтын, балаларын өсіріп, жарқын болашақты арман етті.
Ғали ЗӘКІРОВ 1910 жылы Татар АСР-і Сабин ауданы Сабы ауылында кедей шаруа отбасында туған. Дәм жазып, 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл (бұрынғы Ленин) ауданының Ильинка ауылына отбасымен көшіп келеді. Жергілікті машина-трактор станциясында қызмет етті.
Жыл сайын Қазақстанда темекі шегуден пайда болған аурулардан 25 мың адам көз жұмады екен. Ал күн сайын темекі 70 қазақстандықтың жер жастануына себеп болады. Бұлар: қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары, қан қысымы және тағы басқа сырқаттар. Темекі шегуші адам өзіне ғана емес, өзгенің де денсаулығына зиянын тигізеді. Бұл жаман әдеттен арылудың жолдары қандай?
Әр заманда өз уақытына сай өзінің адал еңбегімен, адамгершілік қасиетімен танылған, артына терең із қалдырған адамдар болады. Солардың бірі өзінің қысқа өмірінде елге, халыққа еңбек еткен, адамгершілік қасиетімен халық сүйіспеншілігіне бөленген, бар білімін жастардың тәрбиесіне арнаған жерлесіміз Тастемір Исембеков болатын.
Қазақстан бойынша Ахметовтердің саны 73627 болса, Сұратай есімі, менің білуімше, дүниежүзінде екі-ақ адамға берілген. Қазір жалғызсырап қалдым. Екеуміз де бір ауылдан едік. Ол кісі біздің әкемізбен жасты болды. Сондықтан оның өзіммен шамалас және жастары кіші балалары осы күнге дейін мені “Әке” дейді.
Қазір шай ішпейтін қазақ жоқ шығар?! Бәрі шайдан басталады. Таң атқанда алдымен шай ішу керек. Үйге біреу келе қалса да, міндетті түрде шәйнекті ала жүгіреміз. Кім келсе де, “бір самаурын су беру” парыз болып кеткен.
1956 жылы Қарағанды қаласында туған. Петропавл педагогика институтының түлегі. Мамандығы – филолог. Жеті жыр жинағын шығарған.
1960 жылы Петропавлда өмірге келген. Облыс орталығындағы педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. Облыстық мұражайлар бірлестігі әдебиет бөлімінің ғылыми қызметкері. 2005 жылы “Арман аясында” атты жыр жинағы шықса, 2010 жылы “Күзгі жұлдыздар” деп аталатын екінші кітабы жарық көрді.
1958 жылы Петропавл қаласында туған. Филолог, отыз жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Соңғы жылдары Петропавлдағы Мұрат Айтқожин атындағы №1 мектепке басшылық етуде. Бірнеше жыр жинақтары оқырмандардың ықыласына бөленген. Өлеңдері облыстық, республикалық әдеби басылымдарда жарияланып жүр. Қазақ ақындарының өлеңдерін орысшаға аударған.
Сырт көзге әдемі көріну үшін тек қана бет әлпетті күту аздық етеді. Сондықтан да қол терісіне, тырнаққа да назар аударып отыру керек. Көбіне қыс кездерінде тырнақтарымыз жұқаланып, қабаттанып, сынып та жатады. Жоғалтқан сұлулық пен саулықты қайтарамын десеңіз, жалқауланбай, қолыңызға жиі маска жасап, крем жағып тұру керек. Осы мақсатта тырнақ күтіміне арналған маскалардың бірнеше түрін ұсынамыз.
Жаңа жылдың басында қыз-келіншектерге әдемілік әлемінен бірнеше кеңес беруді ұйғардық. Биыл сән индустриясының алыптары алтын, қара, көк, жасыл, қызыл, сары, қоңыр түстерді ұсынып отыр.
Бүгін біздің оқырманымыз Жібек Қарабалақызы ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдарды еске салып, оның бір түрінің қалай дайындалу тәсілін ұсынып отыр.