«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.02.2015

ӨСКЕН ОРТАМ

Өзім дүниеге келген қазіргі Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылында бастауыш мектепте оқып жүргеннен-ақ журналист болуды армандаушы едім. Арманым 1966 жылы орындалды. Тың өлкесі жабылып, облыстық газеттер қайта шыға бастаған тұста “Ленин туы” газетіне әдеби қызметкер болып қызметке орналастым. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде сырттай оқып, журналист мамандығын алдым. Үйлендім. Пәтер алдым. Редакцияның бірнеше бөлімін басқардым, редактордың …

ӨСКЕН ОРТАМ Read More »

ӨРЕСІ БИІК, ӨРІСІ КЕҢ

Уақыт деген ұшқыр-ау, ұшқыр! Оны уысыңда ұстап тұру мүлде мүмкін емес. Өйткені, оның күнді күнмен ауыстырып, айды аймен алмастырып, жылды жылмен жалғастырып, қалай тез өтіп кеткенін білмей де қаласың. Өзім қалам ұстаған саналы ғұмырымның көп уақытын өткізген өңіріміздегі қарашаңырақ атанған облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің 90 жылдық торқалы тойын атап өткеніміз күні кеше ғана сияқты еді. …

ӨРЕСІ БИІК, ӨРІСІ КЕҢ Read More »

БІР ҒАСЫРҒА ПАРА-ПАР

Бұл газеттің де жолы жеңіл болды деп ешкім айта алмас. Мәселен, 1962 жылдың сәуірінде басылым ойламаған жерден жабылып қалды. Амал нешік, ұжымдағы тілшілердің басым бөлігі Оңтүстік, Батыс Қазақстан облыстарының газеттеріне ауыстырылды.

ЕРЛІК ІЗДЕРІ – ГАЗЕТ БЕТІНДЕ

Уақыт ұшқыр десек те, ел өмірінде елеулі ізін қалдырған оқиғалар еш уақытта ұмытылмайды. Солардың бірі – фашизмді, өшпенділік идеологиясын, нәсілдік артықшылық пен теңсіздікті тізе бүктірген Екінші дүниежүзілік соғыс және ондағы Жеңісіміз өркениетті адамзаттың жадында.

ӘКЕ БЕЙНЕСІ

Қолыма қалам алып, өмірден өткен әкем жайында тебіренуіме тоқсан бес жылдық тарихы бар іргелі басылым, өңір тұрғындарының көзі мен құлағы “Солтүстік Қазақстан” газеті журналистерінің өтініші түрткі болды. Саналы ғұмырының біраз жылын редакцияның өркендеуіне арнаған әкеміздің – Абай Қазиевтің өмірі, қызмет жолы, оның адамгершілігі кең көсіле әңгімелеуді қажет етеді.

АБЗАЛ ЖАНДАРДЫ АЛҒЫСҚА БӨЛЕП …

Қай заманда да “газет – қоғам айнасы” болғаны баршамызға аян. Өңіріміздің күнделікті өмірін дөп басып, хал-ахуалын шынайы бейнелеп, экономика, мәдениет, спорт, дін, тіл және медицина саласында жеткен жетістіктер мен мәселелерді көтеріп жазып жүрген мемлекеттік тілде жарық көретін іргелі басылым “Солтүстік Қазақстан” газеті маған да өте қымбат.

АБЗАЛ ЖАНДАРДЫ АЛҒЫСҚА БӨЛЕП …

Қай заманда да “газет – қоғам айнасы” болғаны баршамызға аян. Өңіріміздің күнделікті өмірін дөп басып, хал-ахуалын шынайы бейнелеп, экономика, мәдениет, спорт, дін, тіл және медицина саласында жеткен жетістіктер мен мәселелерді көтеріп жазып жүрген мемлекеттік тілде жарық көретін іргелі басылым “Солтүстік Қазақстан” газеті маған да өте қымбат.

КҮН КҮРТ СУЫТАДЫ

“Казгидромет” РМК деректері бойынша облыс аумағында 18-19 ақпан күндері ауа температурасы түнде – 25-30, кей жерлерде 33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

ЕЖЕЛГІ СЫРЛАСЫМ

Бұл басылым есімді білген кезден біздің шаңырақтың төрінен орын алды. Әкем Серғазы марқұм майданнан оралып, бейбіт еңбекке араласты. Көзі ашық, көкірегі ояу азамат еді. Қадери-халінше облыстық газетті, басқа да қазақ тіліндегі республикалық басылымдарды алдырып оқитын. Газетті біздің Кировте (қазіргі Жамбыл ауданындағы Ізтөлин ауылы) жаздырып алмайтын түтін некен-саяқ еді.

ІЗГІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН

Алматыда оқып жүрген кезім. Мен білім алған Қазақ мемлекеттік университетінің бас оқу корпусының жанында облыстық газеттер ілінетін тақта болатын. Студенттердің бәрі сол жерде топырласып, әркім өз өңірінің жаңалықтарынан құлақтанып, мәз болысатын. Мен де әкемнің, өзге де тілшілердің кезекті нөмірге жарияланған мақалаларын, өлеңдерін оқып, туған жеріме деген сағынышымды басып, бір серпіліп қалушы едім. Алып Алматыда жүрген …

ІЗГІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН Read More »

ТОЙ ТОЛҒАУЫ

Тулайды-ау толқын бойымда, Қуаныш күні, халқым-ай. Газетімнің тойында, Қаламын қалай шалқымай?!

ТАҒДЫР ДЕГЕН ТӘҢІРІМЕ РИЗАМЫН

Он бір балаға өмір сыйлап, тентекке “тәйт” демей, “айналайын” деген бір ауыз сөзімен бәріміздің жүрегімізге жол таба білген асыл анамның ақылымен ұстаз болуға бел будым. Осы мақсатқа ұмтылып, жоғары оқу орнына түстім. Қолыма диплом алған соң осы салада біраз жылдар еңбек еттім. Сол кездері өмір ағысы кешікпей мені журналистер қатарына қосады деп ойламаппын.

БАРШАМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫМЫЗ

“Солтүстік Қазақстан” газетінің мен үшін орны бөлек. 1954 жылы мамыр айының үшінші онкүндігінде 10-сыныпты тамамдауға арналған мемлекеттік емтиханның алды еді. Смирново орыс орта мектебінің 10-сыныбын қазақ тілінде аяқтағалы тұр едім. Ол кезде облыстық газет “Ленин туы” атауымен жарық көретін. Облыстық газеттің бас редакторының кабинетіне шақырылдым. Редактор “Сен биыл орта мектепті озық тамамдап тұр екенсің. Мектептегі …

БАРШАМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫМЫЗ Read More »

ЕЛ ТАРИХЫНДА ОРНЫ БАР

Қазақтың ұлттық баспасөзінің тарихында елеулі орны бар, республиканың байырғы басылымдарының бірі – облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көргеніне 95 жыл толып отыр. Басылымның тарихи қалыптасуына келсек, бұдан бұрын «Кедей сөзі» (1920), «Бостандық туы» (1921-1928), «Кеңес ауылы» (1928-1932), «Ленин туы» (1932-1993) аталып, соңғы жиырма екі жылдан бері “Солтүстік Қазақстан” болып шығып келеді.

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЕДІ

…1973 жылдың шілдесінде қазір Мәскеуде тұратын, менен екі жас үлкен немере ағам Арал үйленді. Жеңгем – Раушан Рақымжанқызы. Анасы – Ғайни Сауытова, облыстық «Ленин туы» газетінде корректор болып қызмет істейді екен.

ҰЛЫЛАР ҰШҚАН ҰЯ

Ақындардың ақыны Мағжан Жұмабаев, барша қазақтың туысына айналып, бөтенсінуді білмеген бауырмал кәдімгі Сәбит Мұқанов, ұлы Мұхтар Әуезовтің өзі қазақ әдебиетінің болашағысың деп томағасын сыпырған Сафуан Шаймерденов сынды алыптар шыққан бұл әдеби ортаны басқаша айту, сірә, мүмкін емес. Сондықтан «Солтүстік Қазақстан» тек өңірлік басылым демесең, тарих тұрғысынан келсеңіз де, мұнда қалам тартқан тау тұлғалар тұрғысынан келсеңіз …

ҰЛЫЛАР ҰШҚАН ҰЯ Read More »

ЖАНБАЙ БІР ҚАЛҒАН АРМАН-АЙ?!

Төгілді сан шақтардан мөлдір әнім, Мөп-мөлдір қанып ішкен таңғы нәрім. Өкініп керегі не, өтті жастық, Шегіндей ширатылған домбыраның.

ЕРТЕ ҮЗІЛГЕН ЖЫР-ҒҰМЫР

Қошқарбай Жұматаев жыр әлеміне бала жасынан бой ұрған дарын иесі болатын. Өлең жазумен Шал ақын ауданындағы бұрынғы Ленин орта мектебінің 5-сыныбында оқып жүрген кезінен бастап айналысты. Алғашқы балауса туындылары мектептің қабырға газетінде және республикалық “Пионер” газетінде жарық көре бастаған жас талап иесі оқу ордасындағы қаламгер-ұстаз ағалары Жарасбай Нұрқанов, Жылкелді Мұқанов және Ермек Қонарбаевтардан тәлім алғандықтан, …

ЕРТЕ ҮЗІЛГЕН ЖЫР-ҒҰМЫР Read More »

ҚАНАТЫМДЫ ҚАТАЙТТЫ “ЛЕНИН ТУЫ”

Ұмытпасам, 7-сыныпқа көшкен кезім. Петропавлда оқитын, үйдің тұңғышы Мұрат ағамыз жазғы каникулға келген сайын бәріміз мәре-сәре болып қуанып қалатынбыз. Бұл жолы да әдеттегідей әрқайсымызға ала келген базарлығын үлестіріп, маған сыртқы мұқабасы қатты, 96 беттік торкөз қалың дәптер бұйырды. Көп ойланбастан қайшымен екіге бөліп, біреуін жанқалтама салып алдым. Ондағы ойым – күнделік жүргізу еді, ол жайына …

ҚАНАТЫМДЫ ҚАТАЙТТЫ “ЛЕНИН ТУЫ” Read More »

ОСПАНОВТАР ОСЫНДАЙ ЕДI

1. ЖАНӘБІЛ Журналистер қауымы жүздеп емес, мыңдап саналса да, олардың бәрі де шиырлауды жақтырмайтын шығармашылықтың тұлғалары болып табылатындықтан, егіз қозылардай бір-біріне ұқсамаса құба-құп. Нақ осы талапты құптайтын өз басым қаламының желі бар әріптестерімнің жазғандарын оқысам, жоңышқасы жұпарын шашқан көк шалғында шалқамнан түсіп жатқандай рахаттанып қаламын.