«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.02.2015

ЕТІКШІ МЕН ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР (Неміс халқының ертегісі)

Жас достар, газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасынан бұған дейін де әлем халықтарының тәлім-тәрбие берер талай ертегілерін оқып келдіңіздер. Біз сол дәстүрімізді жалғастыра отырып, енді “Әлем халықтарының ертегілері” деген жаңа айдар ашып, соның аясында еліміздегі ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың ертегілерін, ғибратты әңгімелерін жариялап отыруды жөн көрдік. Егер де, балалар, сондай ертегілердің бірін өздеріңіз де білсеңіздер, газетімізге …

ЕТІКШІ МЕН ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР (Неміс халқының ертегісі) Read More »

МЕН ДЕ ГАЗЕТТІҢ ОҚЫРМАНЫ БОЛАМЫН

Менің отбасым газетті үзбей оқиды. Облысымызда шығатын “Солтүстік Қазақстан” газетіне жазылады. Әжемнің айтуынша, бұл газет бұрын “Ленин туы” деп аталған. Газеттегі мақалалар әр-түрлі саланы қамтыған. Осы газетті “Солтүстік өңірдің жаршысы” дейді. Өйткені, басылым облыстың түкпір-түкпіріне маңызды жаңалықтарды жеткізеді. Одан саясат, білім, спорт, денсаулық, төтенше жағдайлар мен ауа райы туралы оқуға болады. Бұл газетте маған ұнайтыны …

МЕН ДЕ ГАЗЕТТІҢ ОҚЫРМАНЫ БОЛАМЫН Read More »

БАЙҒАЗЫ

Балалар, ата-аналарың жаңа киім сатып алғанда ата-әжелеріңнен, өзге де туған-туыстарыңнан байғазы сұрап көрдіңдер ме? Егер де араларыңда байғазы алып көрмегендерің болса, мүмкіндіктеріңді қалт жібермеңдер.  

АТАМА ҰҚСАҒЫМ КЕЛЕДІ

Құрметті, балалар, “Солтүстік Қазақстан” газетіне биылғы жылы 95 жыл толды. Осыған орай газет мектеп оқушылары арасында байқау жариялаған болатын. Оған қатысушылар басылым туралы ой-толғамдарға құрылған шағын шығарма жазуға тиіс еді. Бүгін таңдау қалалық классикалық гимназияның 2-сынып оқушылары Нұралы Нұрмұханбет пен Темірлан Ережепке түсті.

ЖОЛ БАСЫ

Мектебіміздің кешегі түлегі – Сәния Акипова бүгінде өз қалауы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын тамамдап, еңбек жолын туған жері – Өскен ауылында бастады.

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік лицейінде жалпы білім беретін оқу орындарының қазақ және өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінде өтетін республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. 5 бағытта өткен сайысқа 120 үміткер қатысты. Оның 37-сі – өзге этнос өкілі.

ТЕҢІЗДІҢ ТАМШЫСЫНДАЙ ҮЛЕСІМ БАР

Мен Қызылорда қаласында дүниеге келіп, 2005-2010 жылдар аралығында қазақ-түрік лицейінде оқыдым. Лицейде оқып жүрген кезімде өзіме дәріс берген ұстаздарыма еліктеп, мұғалім мамандығын таңдауға шешім қабылдадым. Оған лицейдегі ұстаздарымның бізге деген сүйіспеншілігі, білімге деген құлшынысымызды арттыру мақсатында жасаған жақсылықтары мен зор ықыластары ықпал етті. Өмірлік мақсатымды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік …

ТЕҢІЗДІҢ ТАМШЫСЫНДАЙ ҮЛЕСІМ БАР Read More »

ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ

“Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” дегендей, бала тәрбиесі – қоғамымыздың ең басты да өзекті мәселесі. Дені сау бала тәрбиелеу, тәрбиелі ұл-қыз өсіру, берік отбасын құру – қоғамымыздың өміршеңдігінің, тұрақтылығының кепілі. Яғни, мемлекеттің берік іргетасын қалаумен тең. Сондықтан бала тәрбиесінде жауапкершілік зор. Ол жауапкершілік отбасымен бірге саналы тәрбие мен сапалы білім беретін мектептерге …

ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ Read More »

АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалану сабақты сапалы әрі қызықты етеді.

РУХАНИ БАЙЛЫҚ

Мектеп кітапханасы тек оқулықтар таратып, оны оқу жылы аяқталысымен жинап алумен шектелмейді. Сабақ басталысымен кітапхана да жаңа оқу жылына жоспар құрып, балаларға жан-жақты тәрбие бере бастайды.

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

Мен еңбек жолын аудандық “Мерей” өнер мектебінде домбыра пәнінің ұстазы болып бастадым. Алдыма келген әрбір оқушының қабілетін бірден ажырата білдім. Бала бойындағы дарыны мен талантын тануға, оны әр қырынан аша түсуге, домбыраның қыры мен сырын жете меңгеруге қызықтыра отыра, өз тәжірибемдегі тәсілдерді жүзеге асыруға тырыстым.

АКВАРИУМДАҒЫ БАЛЫҚТЫҢ КҮЙІН КЕШІП…

Соңғы кездері ауыл тұрғындарының қалалық жерлерге жаппай көшуі елді мекендерде білім ошақтарының жабылып қалуына немесе шағын жинақты мектептер санының артуына әкеліп отыр. Дерек көздеріне сүйенсек, бүгінде елімізде 8 мыңға жуық жалпы білім беретін мектептің 4 мыңнан астамы шағын жинақты мектеп мәртебесін алған. Бұл үрдіс біздің облыстағы білім ошақтарына да тән. Бізде жалпы білім беретін 547 …

АКВАРИУМДАҒЫ БАЛЫҚТЫҢ КҮЙІН КЕШІП… Read More »

PISA ТАПСЫРМАЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ

“Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік” дегендей, білім сапасын көтеру мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспек емес. Шәкірттің кеше берген тапсырманы жаттап алып, бүгін тақылдатып айтып беріп, ертең ұмытып қалуына жол бермес үшін ұстаздар оқытудың неше түрлі тәсілдерін меңгерулері тиіс.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТИІМДІ

Мен 2013 жылы педагогикалық шеберлік орталығының Петропавл қаласындағы филиалында І ілгері деңгейлік бағдарламасынан өттім. Оның мақсаты – мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу. Ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс. Оқуды аяқтап келгеннен кейін жұмысымды жетілдіру арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым деп айта аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдер. Соның бірі – …

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТИІМДІ Read More »

ІЗДЕНУ ҚАБІЛЕТТІ АШАДЫ

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде баланың өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін айтқан. Сондықтан оқушыларға жеке пәннен білім беріп қана қою жеткіліксіз, сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге баулуды өзімнің маңызды міндетім деп санаймын.

ИГІ ШАРА

Өтпелі шақтағы қиындықты жеңу үшін тұрмысы төмен азаматтарға, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында мектебімізде “Қамқорлық” акциясы өтті. Акция аясында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын және қолайсыз отбасыларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, оқушылардың тұрмыстық жағдайлары анықталды.

ОҚУШЫЛАР АШҚАН ЖАҢАЛЫҚ

Балалардың зияткерлік, шығармашылық әлеуеттерін арттырып, зерттеушілік, өз беттерімен ізденушілік қабілеттерін дамыту – бүгінгі күні ұстаздарға қойылатын басты талаптардың бірі. Осыны негізге алған Петропавлдағы №16 орталау мектебінің оқушылары робот техникасын жасаумен қатар, өнертапқыштықпен де айналыса бастады. Мектептің оқушылары Тимур Кузнецов пен Роман Присяжный “Тұз – баламалы энергия көзі” тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізіп, оны тәжірибе негізінде көрсетті.

ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАЗЫМ ЕТЕ ЖАЗДАҒАН мұғалім қызметінен шеттетіліп, тексеру амалдары жүргізілуде

М.Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары ересектерге арналған дәріні ішу салдарынан жандары мұрындарының ұшына тіреліп, өмірмен қоштаса жаздаған. Сонда оларға 18 жасқа дейінгі балалардың тұтынуына мүлдем тыйым салынған препаратты ішкізуге мүдделі болған кім дейсіз ғой? Мұғалім! Иә, қателесіп отырған жоқпыз. Мағжан әмәнда “төр – мұғалімдікі” деп ұлықтайтын қадірлі де қасиетті мамандықтың иесі …

ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАЗЫМ ЕТЕ ЖАЗДАҒАН мұғалім қызметінен шеттетіліп, тексеру амалдары жүргізілуде Read More »

ҚИЫН МАМАНДЫҚТЫ ҚАЛАҒАН

Өзбекстанда туып, балалық шағын сонда өткізген Айнагүл Сәрсембаева 2006 жылы Ташкент мемлекеттік университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Сол жылы тарихи Отанына оралған Сәрсембаевтар отбасы Мамлют ауданындағы Краснознаменное ауылына қоныстанады. Ұстаздық жолын сол ауылда бастаған Айнагүл Оразбайқызы бүгінде Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте еңбек етіп жүр.

АЛДА – АҚТЫҚ САЙЫСТАР

Дәстүрлі “Солтүстік – 2015” қысқы ауыл спорты мерекесі мәреге жақын қалды. Үш күннен соң Уәлиханов ауданында XIX дәстүрлі доданың салтанатты жабылу рәсімі өтеді.