«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.03.2015

ҚҰРСАҚТАҒЫ СӘБИ

Дертті дер кезінде анықтау – саулық кепілі. Ал емделу үшін алдымен оның алғашқы белгілерін білген жөн. Сіздер газетіміздің “Денсаулық” бетіне хат жолдап, сырқат түрлерінің белгілері мен емделу жолдары жайында толық мағлұмат ала аласыздар. Ол үшін газетіміздің мекенжайына, не болмаса электронды поштасына хат жолдасаңыз жеткілікті. Сауалдарға облысымыздың білікті дәрігерлері жауап беретін болады. Бүгінгі хаттың иесі – …

ҚҰРСАҚТАҒЫ СӘБИ Read More »

АРПА – ДЕРТКЕ ШИПА

Көпшілікке белгілі тағамдық өсімдіктердің біреуі – арпа. Қазақ халқы да бұл өсімдіктің денсаулыққа тигізер пайдасын жоғары бағалаған.

ЖАМАН ӘДЕТ ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Маскүнемдік – арақ-шарапты ұдайы ішіп жүру және оған психикалық және физикалық тәуелділіктің артуы нәтижесінде пайда болатын дерт. Арақ-шарапты ішуді әдетке айналдырғандардың ағзасы да арақ-шарапқа бірте-бірте тәуелді бола бастайды. Болашақ маскүнемнің арақ-шарапқа деген психикалық тәуелділігі қалыптасады. Бұдан кейін маскүнемдер арақ-шарап ішпесе мазасыз күй кешетін болады. Егер де дер кезінде арақ-шарап ішуін қоймаса, одан әрі ол адамда …

ЖАМАН ӘДЕТ ОРҒА ЖЫҒАДЫ Read More »

ТҰМАУ ӨРШІП ТҰРҒАН ЖОҚ

Бүгінгі күні облыс бойынша вирустық инфекция эпидемиологиялық шамадан аспаған. Дегенмен, лабораториялық зерттеу нәтижесінде облысымызда “A/H3N2” және “В” тұмау вирусының штаммдары байқалған. Ауырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлес салмағы 62,6 пайызды құрап отыр.

ЖАҢА ӘДІСПЕН ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ОТА

Үстіміздегі жылдан бастап облыстық онкологиялық диспансерде отаның жаңа әдісі – лапароскопия қолданыла бастады. Медицинадағы аталмыш әдіс жалпы хирургияда кеңінен пайдаланылып келеді. Бірақ онкология саласында енді қолға алынды. Алғашқы ота да сәтті өтті.

“СОНДРУЛЯ…”

Соңғы кезде ісқағаздармен айналысатындар орыс тілінен қазақшаға тура аударатын болып жүр. Сөзбе-сөз. Орыс тілінде оқығанда түсінікті, ал қазақшасы… Құдай-ау, сөздері, сөйлемдері созылып, тізбектелгенде, тіпті, мағынасына түсінбей қаласың.

ЖАУЫРДЫ ЖАБА ТОҚУҒА БОЛМАЙДЫ

Қонақта отыр едік, бүгінде бала-шаға түгілі, кемпір-шалдардың өздері қатты “бауыр басып” алған ұялы телефон безектеп қоя берді. Телефонды құлағына басқан қатар отырған апайымыздың көңіл күйі лезде бұзылып салды. Енді оның өзі қолындағы телефонға шұқшиып қарап, әлдекімдердің нөмірін тере бастады.

“БӘЙТЕРЕКТІ” ҚАДІРЛЕУ МЕ, ҚОРЛАУ МА?

“Жүре берсең, көре бересің” деген рас екен. Үй жұмыстарын біржақты етіп, қызымды қасыма ертіп алып, жақын маңда орналасқан сауда үйіне барған едік. Мақсатымыз – дүкеннен қажетті азық-түлік алу әрі таза ауада біраз серуендеп қайту. Сауда үйінің іші ығы-жығы адам. Сөрелер неше түрлі заттарға сықиып тұр. Не керек, “мұражайдың” ішін біраз тамашалап жүріп, нан-шайымызды алып, кете …

“БӘЙТЕРЕКТІ” ҚАДІРЛЕУ МЕ, ҚОРЛАУ МА? Read More »

Талғат ТУҒАНБАЕВ: “ЖЕҢІСТЕН БАСЫМ АЙНАЛЫП КӨРГЕН ЕМЕС!”

Облыстық ішкі істер департаменті жедел қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Туғанбаевтың облысымызға белгілі спортшы-биатлоншы болғанын біреу біліп, біреу білмес. Кезінде биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі болған, КСРО спорт шеберімен редакцияда жүздесіп, әңгімелесудің сәті түсті.

Тұлға

Желкілдеген жас құрақтай жеті жасында – 1941 жылы тағдырдың тәлкегіне душар болған неміс отбасымен бірге өңірімізге жер ауып келіп, дарқан, жатқа да дәмін ұсынатын қазақ қауымынан пана тапқан көрнекті қаламгер, неміс, қазақ, орыс тілдерінде шұрайлы шығармалар жазған Герольд Бельгер әмсе қазақ әдебиетінің досы еді.

АУЫЛ ШЕТІНДЕГІ ҮЙ Жазушы Герольд Бельгердің балалық шағы туралы толғаныс

“Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды”, – деп басталатын ақиық ақын Мұқағалидың өлең жолдары үнемі есімде жүреді. Еріксіз ауылым есіме түседі. Не жетсін, шіркін, туған ауылға! Шал ақын ауданына қарасты Ыбыраев атындағы ауыл кезінде еңселі, бірлігі мен тірлігі, шаруашылығы мен мәдени өмірі жарасып жататын елді мекендердің бірі болатын.

ӨЗІҢ КЕШКЕН КЕЛТЕ ҒҰМЫР НҰРЛЫ ЕДІ…

Ілуде біреу болмаса, адам бала кезінде жақсы мен жаманды, үздік пен үлгісізді айыра бермейді. Көбіне ересектердің айтқанымен ғана айналасын таниды. Ал сол егделердің арасында өзінікін зор, өзгенікін қор қылып, көрпені ауыл-аймағына қарай тартып, балдырғандарды жаңылдырып отыратындары болатынын кейін ұқтым. Бір ауылдың ішінде “Ана ата”, “Мына ата” деп аражігін айыру әдеті болғанын жасырмаймын.

АТУ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛГЕН ҚОС РЕДАКТОР

Сонау аласапыран заманда өмірге келіп, ел мүддесін қорғап қалуды мақсат тұтқан талай арыстарымыз тарих жадында сақтаулы. Егер қара қылды қақ жарған айбынды батырларымыз ұлттың тұтастығын найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалса, ақ пен қызыл арпалысқан алмағайып уақытта арыстарымыз найзаны – қаламға, білекті – білімге алмастырып, ашық майданда күреске шықты. Олардың қаруы білім мен ғылым болды. …

АТУ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛГЕН ҚОС РЕДАКТОР Read More »

ОРАЙЫН ТАПҚАН ОЛҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық кеңесінде департамент пен облыстық кәсіпкерлер палатасының арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

МӘРТЕБЕЛІ МӘРТ АҒА

Тәңір тұла бойына біткен қасиетінен есімін ажырағысыз етіп жаратқан адамдар болады ғой. Марқұм, өмірден озғанына бүгін қырық күн болған Мырзатай Баймақанов ағамыз осындай жан еді. “Мырза” десе, мырза, көңілі мәрт, жаны жомарт жайсаң ағаның жүзі көңілден өшер, көзден кетер емес.

МІНДЕТТЕР МІНСІЗ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС

Елімізде мемлекеттік қызметті дамыту мен оны одан әрі жетілдіру бойынша ауқымды шаралар қолға алынуда. Елбасының 2014 жылғы 6 тамыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі құрылып, жаңа ведомство қоғамдық дертпен күрес және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру ісіне білек түріп кірісті. Бұл бағыттағы жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа …

МІНДЕТТЕР МІНСІЗ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС Read More »

БАҚЫЛАУ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ТЕТІГІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы 2014 жылы 276 бақылау іс-шараларын жүргізіп, оның барысында 232 бақылау нысанын қамтыды, соның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын – 11, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 149 мемлекеттік мекеме және 72 шаруашылық субъектісі тексерілді.

МАЙДАННАН ОРАЛМАДЫ ӘКЕМ МЕНІҢ…

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Балаларын соғысқа аттандырған аналардың, жетім қалған сәбилер мен жесір қалған әйелдердің көз жасымен келген Жеңіс еді бұл. Соғыс қасіреті біздің ауылды да шарпыды. Бұрынғы Преснов ауданындағы “Үлгі” кеңшарынан соғысқа аттанған 70 адамның тең жартысы туған жердің топырағын қайта баса алмады. Хабар-ошарсыз кеткендердің ішінде менің әкем Мінайдар Имақұлы да бар болатын.

ОТАН ҚОРҒАУДЫҢ ҚАМАЛЫ

Ленин ауданының Сталин атындағы колхозының кәрі-жас колхозшыларының бәрі еңбек майданына белсене қатысуда. Өткен жиналыста екінші бригаданың 87 жастағы бригадирі Филлип Гестиков сөз сөйлеп:

Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Николай ПОДОРОЖНЫЙ 1924 жылғы желтоқсанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Соғысқа кірген алғашқы күннен-ақ Николай Подорожныйды барлаушылық баурай берді. Бірақ ол бірден барлаушы болмады. Бұл арманы ысылған жауынгер болғанда ғана жүзеге асты. Орел, Брянск, Коростень… Подорожныйдың жорық жолдары жеңіл болған жоқ.