«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.03.2015

МАҚСАТТЫҢ ОРАЛУЫ

Алғашқы көрсетілімі республикамыздың кинотеатрларында мереке күндері өткен “Оралу” атты отандық кинотуындыны қызылжарлықтар да тамашалады. Көркемфильмнің авторы әрі қоюшы-режиссері – Рашид Сүлейменов. Басты рөлдерде Санжар Мадиев пен Аружан Джазильбекова ойнайды.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙМЫЗ?

Таныс келіншек телефон соқты. Мұғалім. Мектепте Наурыз мерекесіне орай шара өткізілмекші екен. Бұйымтайы – сол шарада ұлттық салт-дәстүрімізді көрсету үшін сценарий жазып беруді сұрайды. Тұсау кесу, беташар, неке суын ішкізу туралы. Ел егемендігін алып, Наурыз мерекесі алғаш тойланған күннен бастап көрсетіліп келе жатқан ұлттық салт-дәстүр. Өзгерген, жаңаша сипат алған, мазмұны тереңдетіліп, мағынасы арттырылған ештеңе жоқ. …

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙМЫЗ? Read More »

ӨМІРЛІК СЕРІГІМ

Біздің облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің 95 жылдық тойы оқырман қауымға құтты болсын демекпін. Мен өзім осы газеттің тұрақты оқырманы ретінде редакция ұжымына жемісті еңбек тілей отырып, қаламдары ешқашан да мұқалмай, облысымыздың экономикасының, мәдениетінің, әлеуметтік саласының ілгері дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қоса беруіне тілек білдіремін. “Солтүстік Қазақстанның” оқырмандарға берері мол. Газет жалпы әлемдегі, республикамыздағы, өңіріміздегі жаңалықтармен …

ӨМІРЛІК СЕРІГІМ Read More »

“ҚЫЗЫЛ ҚЫРҒЫННЫҢ” ҚҰРБАНДАРЫ

Қазақ қазақ болғалы небір азаптарды бастан кешкені белгілі. 1925 жылдың қыркүйегінде билік басына келген Голощекин біздің елімізде “Кіші Октябрь” деп аталған науқанды ұйымдастырды. Бұл қазақ халқының еңсесін көтеретін шара емес, керісінше, езіп-жаншитын, оның басына әдейі төндірілген нәубет болатын. Сөйтіп, сол науқанның соңына ілесе 1928 жыл келді. Ол – кәмпескелеу еді. Одан әрі 1932-1933 жылдар жалғасты: …

“ҚЫЗЫЛ ҚЫРҒЫННЫҢ” ҚҰРБАНДАРЫ Read More »

ҰЛТТЫҚ МҰРАМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАЙМЫЗ

“Өнерге әркімнің-ақ бар таласы”, – деп Абай атамыз айтқандай, қазіргі таңда саналы өмірін өнермен байланыстырғысы келетін жастар аз емес. Облыстық “Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінде” оқитын оқушыларды солардың қатарына жатқызуға болады.

“РЕВИЗОР” КЕЛГЕНДЕ…

Орта Азиядағы ең үздік режиссерлердің бірі, тәжікстандық Барзу Абдураззаков С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Николай Гогольдің “Ревизорын” сахналайды дегенді естігеннен-ақ XIX ғасырдағы орыс қоғамының бет-бейнесі суреттелген пьесаның қазіргі заманға берер қандай құндылығы бар деген ой мазалаған еді.

ҰЛЫ ХАНДАР – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамның рухани жаңғыру үдерісі жанданып, бұрындары патшалық Ресейдің боданы болған халықтардың ұлттық сана-сезімі ояна бастады. Орыстың революционер-демократтары Герцен, Белинский, Чернышевский, Добролюбов және Семенов Тянь-Шанский, Радлов, Рычков, Сидельников сияқты ғалымдары өздерінің еңбектерінде Ресейге бағындырылған халықтардың өткені сыңаржақты зерттеліп келгенін жазған еді. Сондай-ақ, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, С. …

ҰЛЫ ХАНДАР – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА Read More »

КӨШТЕН ҚАЛМАҒАН КІТАПХАНА

Білімнің бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаи “Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына” десе, рухани байлығымыз жайында сөз қозғағанда қазақтың бас ақыны Абай атамыздың “Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге” деген тағылымы, жерлес жазушы Ғабит Мүсіреповтің “Кітапты оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік” деген ғибратты сөздері тіл ұшына …

КӨШТЕН ҚАЛМАҒАН КІТАПХАНА Read More »

МҰРАЖАЙ – ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

Петропавл қаласындағы №5 орта мектепте 316-шы атқыштар дивизиясын басқарған Иван Панфилов атындағы мұражайдың ашылуына оқушылардың аты аңызға айналған генералдың ерлігіне деген сүйіспеншілігі ықпал еткен. Мұражайға Иван Панфиловтың есімі ресми түрде 1979 жылы берілген. Содан бері мектеп мұражайы жас ұрпаққа патриоттық рухта тәрбие беріп келеді.

ПӘТЕР АЛДЫ

Айыртау ауданындағы Елецкое ауылының тұрғыны, соғыс ардагері Николай Ивановскийге жаңа пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды. Ардагер енді Саумалкөл ауылындағы шағынауданда тұратын болады.

Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Григорий МИХЕЕВ 1919 жылы Петропавл қаласында туған. 1937 жылы облыстық комсомол комитетінің арнайы шақыруымен авиацияға жіберіледі. 1939 жылы Краснодардың әскери-авиациялық училищесін бітірді. 1941 жылдың маусымында Отан қорғаушылар қатарына қосылды. Батыс майданда жаудың жылжып келе жатқан колонналары мен өткелдерін бомбылауға қатысты. Жау авиациясының басымдығына қарамастан, Михеевтің жауынгерлік тапсырманы орындамаған кезі болған жоқ. 1942 жылғы 1 маусымда …

Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары Read More »

АНАЛАРҒА АРНАЛДЫ

Халықаралық әйелдер күніне орай “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында мерекелік іс-шара өтті. Оны көшбасшы партиямен бірлесе отырып облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында басқармаға қарасты мекемелерде қызмет ететін көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.

БАСТЫ МІНДЕТ — БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Мектепке дейінгі балалардың білім беру жүйесінің түрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігі, сапалы тәрбие және біліммен толық қамтамасыз етілуі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Еліміз бойынша 2020 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы қазақстандық балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен 100 пайыз қамту жоспарланған. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы …

БАСТЫ МІНДЕТ — БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ Read More »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: “АДАМ САЙЛАУҒА ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ҚАТЫСУЫ КЕРЕК”

Кеше, 11 наурыз күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен “Нұр Отан” партиясының кезекті XVI съезі өтті.

АРДАГЕРЛЕР ҚУАНЫШЫ

Тайынша қаласында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, бірнеше соғыс ардагеріне салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді.

“АЛТЫН АРМАННЫҢ” АУМАҒЫ ҰЛҒАЙДЫ

“Алтын Арман” базарындағы “Алтын-Адал” ЖШС-нің жабық ғимаратына заман талабына сай жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, көктемнің алғашқы мерекесін атап өтіп жатқан шақта пайдалануға берілді. Қызылжарлықтардың таңдауын еселей түскен сауда орталығының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысып, атқарылған істерге жоғары баға берді.