«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.04.2015

КӨКТЕМГІ ӘЛСІЗДІК

Дертті дер кезінде анықтау – саулық кепілі. Ал емделу үшін алдымен оның алғашқы белгілерін білген жөн. Сіздер газетіміздің “Денсаулық” бетіне хат жолдап, сырқат түрлерінің белгілері мен емделу жолдары жайында толық мағлұмат ала аласыздар. Ол үшін газетіміздің мекенжайына, не болмаса электронды поштасына хат жолдасаңыз жеткілікті. Сауалдарға облысымыздың білікті дәрігерлері жауап беретін болады. Бүгінгі хат Петропавл қаласынан …

КӨКТЕМГІ ӘЛСІЗДІК Read More »

2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ СӘБИДІ ҚҰТҚАРДЫ

Австриялық Джеймс Харрисонның қан құрамы алтыннан да бағалы. Дәрігерлер оның қан тобын сирек кездесетіндерге жатқызады. Өзінің ерекше құдіретпен жаратылғанын білген Д.Харрисон өмірінде мың мәрте қан тапсырған.  Сексенді алқымдап қалған қарияның қан құрамының ерекшелігі сонда – дүниеге күрделі қаназдық дертімен келген шақалақтарға ем екен. Харрисонның донорлығының арқасында 2 миллионға жуық сәби ажалдан арашаланған.

БІР СТАҚАН СУ

Су – тіршіліктің көзі. Ұзақ өмір сүрумен әйгілі жапондықтар әр күнін су ішуден бастайды екен. Таңертең оянған соң ашқарынға ішілген су метаболизм процесін іске қосып, ағзаны нығайтуға септеседі.

ӨРКЕНДЕУДІҢ БЕЛГІСІ

Саналы ғұмырымды денсаулық сақтау саласына арнаған адамның бірі – өзіммін. Мамандығым бойынша хирургиялық бағыттағы анестезиолог-реаниматолог дәрігермін. Бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана медициналық университетін тамамдаған соң еңбек жолымды Аққайың аудандық орталық ауруханасынан бастадым. Онда 25 жыл бойы хирург әрі анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып қызмет еттім. Кейін жұмысымды Петропавл қаласындағы №4 емханада жалғастырдым. Зейнетке шығар алдында облыстық туберкулезге қарсы …

ӨРКЕНДЕУДІҢ БЕЛГІСІ Read More »

ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ сән бе, әлде қажеттілік пе?

Сұлулық құрбандықты талап етеді. Қазіргі заманда белең алған пластикалық хирургияға жүгінетін науқастар бұл сөздердің астарын жақсы түсінеді. Үлкен қалаларда пластикалық хирургияның әсемдік үшін жасалатын ота түрлеріне машықтанған орталықтар жетерлік. Біздің облыс та бұл саладан шет қалып отырған жоқ. Облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Мереке Нығметжанов – хирургияның аталмыш бағытының маманы. Ол 2009 жылы Санкт-Петербургтегі медициналық …

ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ сән бе, әлде қажеттілік пе? Read More »

ЕЛДІКТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң мемлекет пен қоғамда жүзеге асырылған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына жол ашып, дамудың қайнар бастауына айналды.

МІНДЕТ – АЙҚЫН, МАҚСАТ – ЗОР

Қазақстан халқына арнаған кезекті “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Елбасы атап көрсеткен Жаңа Экономикалық Саясатта әдеттегідей әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту, бизнеске, банктерге қолдау көрсету, ауыл шаруашылығын, білім саласын дамыту және мемлекеттің инвестициялық мүмкіндігін жақсарту көзделген.

МАЙДАНГЕР ЖОЛЫ

Әкем Кәрім Жақияұлының отты жылдардағы ерлігі туралы өз аузынан естігенімнен және бейбіт уақыттағы өмірінен сыр шертпекпін. Өзім төрт қыз және төрт ұлдан кейін туыппын. Әкем мені қатты еркелететін. Есімде қалғаны – әкем мен бар жерде қатты дауыс шығарып, ұрысқан емес. Ұнатпаған сәттерде ақырын ғана жұмсақ, жылы дауыспен айтқанда бір түрлі күйге түсетінбіз. Яғни, ыңғайсыз жағдайда …

МАЙДАНГЕР ЖОЛЫ Read More »

ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шал ақын ауданының әкімі Марат Омаров Жеңіске жетуге өздерінің жанқиярлық еңбектерімен үлес қосқан бір топ тыл еңбеккерлеріне “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы” мерекелік медальдарын тапсырды.

Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Андрей ХИМЕНКО 1915 жылы Аққайың ауданындағы Елизаветовка ауылында туған. … Висладан өтіп, плацдармды басып алу кезінде рота парторгі, гвардияның қатардағы жауынгері Андрей Хименко төрт жауынгермен бірге суға түсті. Жаудың оқты қарша боратқанына қарамастан, сарбаздар өзеннен өтті. Олардың соңынан Висланың батыс жағалауына ротаның өзге жауынгерлері де шықты.

БАЙҚАУШЫЛАР МІНДЕТТЕРІН ПЫСЫҚТАДЫ

Жуырда өз жұмысын бастаған “Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы маңызды науқанға белсене қатысатын ерікті байқаушыларға арналған семинар-тренинг өткізді. Достық үйінде ұйымдастырылған аталмыш шараға облыс орталығының 90-ға жуық ерікті байқаушысы қатысты.

ТАҒЫ 50 БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған “2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы” қаулыға сәйкес үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 50 байқаушы аккредиттелді. Олардың 37-сі – ТМД байқаушылары миссиясынан, 2-еуі – ШЫҰ байқаушылары миссиясынан, 4-еуі – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ, …

ТАҒЫ 50 БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ Read More »

ЕҚЫҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Астана қаласындағы республикалық штабында Президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесті.

СЫР ӨҢІРІНЕ САПАР

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қызылорда облысына барып, Сыр өңірінің облыс активімен, теміржолшыларымен және фермерлерімен кездесулер өткізді.

АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Өскеменде “Защита” локомотив жөндеу депосы ұжымымен кездесіп, өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды.

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өткен облыстық ішкі істер департаментінің қайырымдылық концерті Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қастерлі мерекемен құттықтап, оларға салтанатты түрде мерейтойлық медальдарды табыс етті.

ҚАУІПТІ АУМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Алдыңгүні облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко “Казавиаспас” АҚ-ның “МИ-171” тікұшағымен су басу қаупі бар Уәлиханов ауданының аумақтары үстімен ұшып өтіп, жағдаймен танысты.

ЕКІЖАҚТЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік университетінің өкілдері келді. Кездесу барысында жоғары оқу орындарының басшылары екіжақты ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

ЫНТАЛЫҒА “ЫРЫСТЫҢ” БЕРЕРІ МОЛ

Былтыр елімізде “Агробизнес – 2020” салалық бағдарламасының аясында “Ырыс” бағдарламасы іске қосылған болатын. Оны жүзеге асырып отырған “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамы. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кейбір айыртаулық кәсіпкерлер бүгінде сол бағдарламаның шарапатын сезініп, мемлекеттік қолдауға ие болуда.

ДОСТЫҚ ОТЫ СӨНБЕЙДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында Петропавлдағы Достық үйінде “Бейбітшілік пен келісім автошеруі” акциясы өтті.