БАЛАЛАР БЕЙНЕЛЕГЕН ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай балалар арасында “Менің есімде! Менің мақтанышым!” атты көркемсурет байқауы өтті. “Отқа оранған ауыл”, “Эвакуация”, “Қоршауды бұзу”, “Зауытта”, “Соғыс балалары”, “Майдан”, “Офицердің күнделігі”, “Әлия Қазақстанның мақтанышы”… Бұлар 6-17 жас аралығындағы балалардың сұм соғыс тақырыбында салған суреттерінің бір бөлігі ғана.