«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.04.2015

ЖАРЫСТАР КҮНДЕЛІГІ

Облыс орталығындағы олимпиадалық резервтегі “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1998-1999 жылдары туған жастар арасында баскетболдан облыстың ашық біріншілігі өтті.

АТЫРАУДА АБЫРОЙЫМЫЗ АСТЫ

Атырау қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиада өткізілді. Білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық оқушы қатысты.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығы мектеп бітіруші түлектердің болашақ мамандық таңдауда қателеспеуі мақсатында “Жастарға психологиялық көмек” айлығын өткізді.

МҰЗ ОЙЫЛЫП, МЕРТ БОЛА ЖАЗДАДЫ

Көктемде су айдындары адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қайта-қайта ескертіп жатса да, сақтық шараларын қолдану кейбіреулердің ойларына да кіріп шықпайды.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Сәуір айының екінші онкүндігінде Қызылжар өңірінде күннің жылынуы қардың күрт еруіне әкеліп соғып, Петропавл қаласының ой-паң жерлеріндегі жекелеген тұрғын үйлерге су кірді.

БІРІНШІ ОРЫНДА – ҚОСТАНАЙЛЫҚ ТҮЛЕК

Облыстық медицина колледжінде “Медицина колледжінің 2015 жылғы үздік түлегі” атты республикалық байқау өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен медбикелік мамандықты меңгеріп жүрген студенттер қатысты. Байқау жыл сайын өткізіледі. Бұл жолы аталмыш байқауды ұйымдастыру жауапкершілігі біздің колледжге жүктелді. Доданың ережесіне сай ұйымдастырушы жақ байқауға қатыса алмайды.

“АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА” ЖӘНЕ …

Петропавл қаласының Мир және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында тағы бір “Ақылды аялдама” орнатылды.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесіп, экологиялық мәселелерді айқындап, шешуге негізделген өз сайлау-алды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ – БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оралда студент жастармен, Батыс Қазақстан машина жасау зауытының және “АКАС” агрофирмасының жұмысшыларымен, сондай-ақ, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкіл-дерімен кездесті.

КОМИССИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов пен республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.  

СЕНБІЛІК СЫЙЫ — ШЫРШАЛАР

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сәуірдің 11-іне белгіленген қайырымдылық сенбілігі облысымызда да қатысушылардың белсенділігі жағдайында өтті. Сөйтіп, облыс орталығының, басқа да елді мекендердің көшелері қысқы қоқыстан біршама тазарып, жасыл желекпен толыға түсті. Мәселен, нақ осы күні “Жеңіс” саябағының айналасына тазарту жұмыстары жүргізіліп, шыршалар отырғызылды. Игі іс-шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов, соғыс және тыл ардагерлері мен Қазақстан …

СЕНБІЛІК СЫЙЫ — ШЫРШАЛАР Read More »

ПАСХАМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Вознесения Господня” шіркеуінде болып, мерекелік мінәжат қарсаңында бүкіл православие христиандарын басты мейрамдарымен құттықтады. – Нұрлы да зор мереке – Пасха құтты болсын! Сан ғасырдан бері ең жоғары құндылықтарды паш етіп келе жатқан осы бір тамаша мереке адамдардың жүректерін ерекше шаттыққа бөлейді, – деді Ерік Хамзаұлы.

БИЫЛ 608 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Береке” шағынауданында мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысында болып, мердігерлерге нысандарды мерзімінен кешіктірмей тапсыру және жұмысты сапалы жүргізу міндетін қойды.

ҰМТЫЛҒАН ҰТАДЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылдық округіндегі “Ысқақов” жеке кәсіпкерлігінің құрылғанына он бес жылға жуықтады. Қанат Ысқақов кәсіпорын ашпас бұрын да қыруар мал ұстаған ауылдағы ауқатты шаруалардың бірі болатын. Сол кезде ол қосалқы үй шаруашылығында 4-5 жылқы, он шақты ірі қара және 20-ның үстінде қой ұстайтын еді.

ТӘЖІРИБЕСІ ТАБЫС КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫ

Ербатыр Урманов 2013 жылы өзінің жеке қожалығын ашты. Содан тұрғын үй мен өндіріс цехын салу үшін жер алып, шұғыл іске кірісіп кетті. Өз бизнесін дамыту үшін 2014 жылдың ақпан айының 10-шы жұлдызында “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы кредитке қол жеткізіп, Ресейдің Челябі қаласынан “Ажур-1М” атты темірден көркем …

ТӘЖІРИБЕСІ ТАБЫС КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫ Read More »