АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жиында сөз алған департамент бастығы Еркінбек Байболов:
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жиында сөз алған департамент бастығы Еркінбек Байболов:
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіпкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуде. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолға алынған “Ұрпақтар алғысы” жобасы аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Марат Ахметов Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Карпекиннің отбасында болды. Ардагердің хал-жағдайын сұрағаннан кейін филиал директоры үй иесіне …
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тәрбиелік-әлеуметтік-психологиялық бөлімінің аға әскери маманы, капитан Әлия Смағұловамен жұмыс орнында кездестік. Орта бойлы, шымыр денелі, ширақ қимылды Әлия Кендебайқызының сөз саптасынан-ақ оның әскери қызметтегі жан екені аңғарылады. Амандық-саулықтан кейін бізді кабинетіне бастап келген ол бірден әңгіме тиегін ағытты. “Әр адамның өмірінде мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені, сол таңдаған …
Айбынды білегімен, ыстық жүрегімен, қайрат-күшімен оқ пен оттың ортасында жүріп, Отанымызды жаудан қорғаған он сегіз жастағы әкеміз Мұхамадия Бектеміровтің жауынгерлік жолы мен ерлік істерін біз – ұрпақтары ұмытпаймыз. Әкеміз 1924 жылы Ленин (қазіргі Есіл) ауданындағы Орталық ауылында дүниеге келіпті. Орта мектепті аяқтаған соң 1941 жылы Қарағанды облысындағы Қарсақбай №22 фабрикалық-зауыттық оқытуды темір ұстасы мамандығы бойынша …
Еліміз еңселі егемендікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Қарулы Күштері құрылды. Жыл сайын тепсе темір үзетін мыңдаған бозбала әскерге аттанып, Отан алдындағы міндетін өтейді. Бүгінде әскер қатарына шақыру науқаны басталып, олардың алғашқы легі аттанып та үлгерді. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мамандары әскер қатарына шақырылушыларды тиісті талаптарға сай, сапалы іріктеу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Осы жөнінде …
Еркінбек БАЙБОЛОВ: “БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ” Read More »
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты Қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.
Айыртау ауданының Казанка ауылы маңындағы Иман-Бұрлық өзенінде балық аулап отырған 60 жасар ер адам резеңке қайықтан құлап, суға батып кетті. Осындай төтенше жағдай Есіл ауданының Покровка ауылы жанындағы Есіл өзенінде де орын алды. 79 жасар балықшы су құрбаны болды. Қайғылы қазаға ұшырағандардың мүрдесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Өткен аптада облыс бойынша 29 өрт тіркелді. Петропавлдағы Медведев көшесінде жеке мүліктер мен жиһаздар тұрған қора-қопсы өртеніп кетті. От орнынан ащы түтінге уланған 52 жасар үй иесі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Адам ата мен Хауа анадан бері адамзат баласы ержеткен соң, теңін тауып, шаңырақ көтеруді өздеріне абыройлы міндет санап келеді. Некені исі мұсылман қауым пайғамбарымыз Мұхаммедтің сүннеті деп біледі. Қазақ халқында отау құру отыз күн ойыны, қырық күн тойымен өткен. Қазіргі заманда бір ай тойланбағанымен, барлық сән-салтанатымен атқарылуда. Біз бұл мақалада үйлену тойларының қалай өтетіндігі емес, …
МАМЫРДА ҮЙЛЕНГЕНДЕР БАҚЫТСЫЗ БОЛА МА? Дінде жоқ, салтта болмаған тыйымды тоқтату қажет Read More »
Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың мамандарының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдары арасында сайыс өтті. “Тілдердің үштұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыру аясында тілдер басқармасы сәуір-мамыр айларында балабақшалар арасында “Бала тілі – бал” атты сайыс жариялаған болатын. Сайыс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында мемлекеттік тілді меңгеруді жетілдіруге ықпал етіп, отбасылық құндылықтар мен рухани-адамгершілік тәрбие беру …
Алимент төлеуден және басқа өтемдердің орнын толтырудан жалтарып жүретіндерді іздестіріп, қол-ға түсіру – облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Жақында басқарма осындай аза-маттардың ізін кесуге арналған облыстық акция өткізді.
“Туған жер” халық би ансамблі кезекті концертін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арнады.
Қағазбек Нұрсейітовтің есімін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының жеке құрамы ерекше ілтипатпен еске алады. №6637 әскери бөлімінің сарбазы 1964 жылы Сергеевка қаласында түзеу мекемесінен қашып кеткен қауіпті қылмыскердің ізіне түсіп, құрықтауға тырысқан. Бірақ Есіл өзені арқылы жүзіп өтемін дегенде қаза табады.
Сейсенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов “ҚазТехМаш” ЖШС-інде болып, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техника шығару үшін жасақталып жатқан бірлескен кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Сейсенбі күні Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовке арналған ескерткіш тақта ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.
Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов Астана қаласында өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысатын ардагерлермен кездесіп, мерекемен құттықтап, марапаттады. Айтулы шараға өңірімізден 14 ардагер аттанды. Олар елордаға өңіріміздегі бүгінде көзі тірі 262 ардагердің ыстық ықыласты сәлемін жеткізбек.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күні құтты болсын!