«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ сауда оңтайландырылған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Астана Моторс” компаниясының әкімшілік құрамының бір топ қызметкері сауда-саттық саласындағы іскерлік байланысты нығайту мақсатында Қызылжар топырағына табан тіреді.

“Астана Моторс” әлемге танымал көліктерді сатудың қазақстандық дистрибьюторы ретінде еліміздің барлық өңірінде өзінің делдалдық жүйесін қалыптастырған. Компанияның Қазақстан нарығына шығарып жүрген сегіз бренд тауары болса, соның бірі – “Hyundai” автокөлігі. 2011 жылы Алматы қаласында Кореяның “Hyundai” маркалы көлігінің түр-түрін жинақтау зауыты ашылған болатын. Онда қазір көліктің жүк таситын және жолаушылар тасымалдайтын түрлері шығарылуда. Отандық тауарларға деген сұраныстың жылдан-жылға өсуіне байланысты зауыт қуаттылығын арттырып, көліктің басқа да түрлерін құрастыруды қолға алмақ. Сондықтан компания басшылары өңірлерді аралап, отандық автотауарлардың сатылымын нығайтпақ.  

Қонақтар жиналған қауымға корейлік көліктің қазақстандық зауыттан шығарылған өніміне қосымша құн салығы салынбайтындықтан, көліктердің нарықтық құны 12 пайызға арзан екенін айтты. Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында “Қазақстан даму банкі” АҚ желісі бойынша 4 пайыз жеңілдікпен кредитке көлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылғанын да алға тартты. “Қазақстан даму банкі – Лизингі” былтыр автомобиль құрылысы саласына 20 миллиард теңге бөлсе, соның 5 миллиард теңгесі коммерциялық техникаларды сатуға бағытталған. Бұл кәсіпкерлерге лизинг арқылы көлік сатып алуға мүмкіндік береді. Қазақстандық компанияның қызметкерлері осы бағдарлама шеңберінде “Hyundai” көлігінің 200 данасы сатылады деп, жиналған кәсіпкерлерге, тауар өндірушілер мен көлік саудасын кәсіп етіп жүргендерге насихаттық-ақпараттық кеңестер берді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp