«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 22, 2015

ЕР-АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

“Ер адамдар әйелдерге қарағанда дәрігерге үш есе сирек қаралады. Соның салдарынан олардың орташа өмір сүру ұзақтығы жылдан-жылға кеміп барады”, – деді облыс орталығындағы №3 қалалық емханада өткен іс-шарада еліміздің бас урологы, “Б.У.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мырзакәрім Алшынбаев.

ҚАСИЕТТІ ҚАРАШАҢЫРАҚ

Еліміздің ең байырғы ұлттық баспасөз басылымының бірі “Солтүстік Қазақстан” газеті екені әмбеге аян. Оның алғашқы нөмірінің шыққанына биылғы жылдың 22 ақпанында 95 жыл толды.

БЕЙБІТШІЛІКТЕН АСҚАН БАҚЫТ ЖОҚ

Жақында облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында “Менің қазақстандық полициям” атты шығармалар байқауы өткен болатын. Қазақ тілінде жазылған қырықтан астам еңбектің ішінде елдегі тыныштық пен тұрақтылықты нығайтуда тынымсыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына деген сенімі, оларға деген ризашылық сезімі турасындағы ойларымен ерекшеленген Аяна есімді мектеп оқушысының шығармасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ

Қоғамдық тәртіптің берік орнығуына, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығына тікелей жауапты құқық қорғау органы саласының қызметкерлері қай кезде де жоғары талаптың үдесінен көрініп, жауапкершілік міндеттерінен жаңылмауға тиіс. Қиындығымен қауіп-қатері қатар жүретін мамандықтың иелері бұл ретте өз міндеттерін қалай атқаруда? Полицейлердің қызметін мінсіз, мерейін үстем ету үшін не істеу қажет? Күн-түн демей, ыстық-суықта тұрғындардың тыныштығын қорғау жолында …

ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ Read More »

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ САЙЫСЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі алдында жыл сайын спорттық сайыс ұйымдастырылады. Бұл жолы ол екінші рет Аққайың ауданындағы “Оқжетпес” балаларды жазғы сауықтыру лагерінде өтті. Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы ұйытқы болған додада республикалық, облыстық және аудандық БАҚ қызметкерлерінен құралған он команда спорттың сегіз түрінен сынға түсті.

“АЙБЫННАН” ОРАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық “Жас батыр” клубының мүшелері Қарағанды қаласында өткен “Айбын” республикалық әскери-патриоттық жиынынан оралды.

СЫН КЕЗЕҢДЕ ШЫҢДАЛҒАН

Құқық қорғау органдарында абыройлы еңбек етіп жүрген жандардың бірі – қазақтың қарапайым баласы Самат Рақымжанов. Ол 1988 жылы Талшық орта мектебін тамамдаған соң ауылдың мыңдаған түлектері сынды үлкен қалаға – Целиноградқа аттанды. Онда шоғырланған бірнеше институттың ішінен инженер-құрылыс институтын таңдап, емтиханды жақсы тапсырып, бірден оқуға қабылданды. Бесжылдық студенттік өмір зымырап өте шықты. “Автомобиль және автомобиль …

СЫН КЕЗЕҢДЕ ШЫҢДАЛҒАН Read More »

ӨМІРІНІҢ ӨЗЕГІ

…Қарлығаштың ұясындай құтты мекен… Облысымыздағы еңселі орта оқу ордасы… Солтүстік өңірдің қазақ қауымының қалаулы білім қонысы. Аталған лебіздер арналып отырған, сонау өткен ғасырдың 1935-ші жылы шаңырақ көтерген осы қазақ мектеп-интернатының, қазіргі Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектепинтернаттың түлектерінің ең шау тартқаны бүгінде ғұмырдың бір ғасырлық деңгейіне жетіп қалғаны анық. Көзі тірісі де, өмірден озғаны …

ӨМІРІНІҢ ӨЗЕГІ Read More »

Замандас бейнесі

Облыстық аурухананың нефрология және гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі Зайра Қауышева – саналы өмірін медицина саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Ол С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін 1994 жылы тамамдап, облысымызға жолдамамен келген еді. Со-зылмалы бүйрек жетімсіздігі дертімен ауыратындар жыл он екі ай бұл бөлімшеде гемодиализ қабылдайды. Қазіргі таңда диализде 30 науқас ем қабылдауда. СУРЕТТЕ: …

Замандас бейнесі Read More »

ЕЛБАСЫ АШҚАН ЖАҢА ЕМХАНА тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде

“100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған Петропавл қалалық №3 емхана бүгінде 62 мыңнан астам адамға қызмет көрсете алатын дәрежеге жетіп отыр. Мекеменің бас дәрігері Әлия Тәшетова әңгіме барысында медициналық қызмет көрсетудің озық әдістерімен таныстырды.

“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алаңында “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарының XI облыстық маусымының ашылуына арналған жиын өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама бүгінде еліміздің он төрт облысы және екі қаласында сәтті жүзеге асырылып келеді. Қатары екі жүз мыңнан астам жастармен толыққан “Жасыл ел” еңбек жасағы бүгінде үлкен күшке айналды.

ОН ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Облыс әкімдігі жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында солтүстікқазақстандық бірнеше кәсіпкер “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттің демеу-қаржысына ие болды. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалығымен өткен жиында өңірлік кәсіпкерлік және туризм басқармасына келіп түскен 10 жоба қаралып, кеңес мүшелері барлығына демеуқаржы бөлуді мақұлдады.

ӨШПЕЙТІН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

Өткен адам болады көзден таса, Оны іздеп, ешкім де ойламаса. Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды, Керектігін ескеріп, ұмытпаса. ШӘКӘРІМ. Елімізде ақыл-парасатын, білімі мен күш-жігерін елі, халқы үшін аямай жұмсаған, қоғам алдындағы қызметін абыроймен атқарып, беделін өз еңбектерімен өсірген қазақ азаматтары аз болған жоқ. Сондай абзал азаматтардың бірі, еңбек еткен жерлерінде игі із қалдырған Еркін Нұржанұлы …

ӨШПЕЙТІН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН Read More »

КҮРЕ ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ НАЗАРДА

Құрылысы 2012 жылы басталған республикалық маңыздағы “Астана-Петропавл” тасжолын күрделі жөндеуге мемлекет бюджетінен 17,7 миллиард теңге бөлінген. Жол құрылысы жаңа инновациялық технологиялар бойынша жүргізілуде. Мәселен, қарапайым асфальттың үстіне целлюлозалық қоспа араластырылған модификацияланған битум құйылады. Соның арқасында 10 жылға дейін трассаның беті тақтайдай тегіс болып, шыдас береді деп күтілуде. Аталмыш жаңа әдіс Жапонияның тәжірибесінен алынған. Елімізде бұл …

КҮРЕ ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ НАЗАРДА Read More »

БАС ЖАРЫЛСА, БӨРІК ІШІНДЕ немесе Есіл ауданындағы аграрлық-техникалық колледждегі сорақылықтар

Облысымызда үстіміздегі жылдың алты айында ғана өзіне-өзі қол көтерген 15 жеткіншек ажал тырнағынан арашаланса, алты қызғалдақ ғұмыр қыршынынан қиылды. Неліктен суицидпен күресте дәрменсізбіз? Бұл мәселе облыс прокурорларын да алаңдатып отыр. Осы және басқа да өзекті мәселелер облыстық прокуратураның алқа отырысында жан-жақты талқыланды. Аталмыш жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысты.

“ЕВРАЗИЙСКАЯ ГРУППА” ЖШС БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бастаған солтүстікқазақстандық делегация “Евразийская группа” ЖШС басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаевпен кездесіп, отандық тауар өндірушілердің тапсырыстарын орналастыру есебінен жергілікті мазмұндағы өнімдерді сатып алу үлесін арттыру және қолдау мәселелерін талқылады.

СӘТ-САПАР, АРМАНЫ АСҚАҚ ТҮЛЕКТЕР!

Сәрсенбі күні 2014-2015 оқу жылында облысымыздың білім ошақтарын “Алтын белгімен” аяқтаған 37, “Үздік аттестатпен” тамамдаған 22 озатқа, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстардың 74 жеңімпазына Петропавл қаласының басты алаңында ерекше құрмет көрсетілді. Болашаққа нық қадам басқан өскелең ұрпақты өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтап, оларға облыс әкімінің сыйақыларын табыс етті. Қошеметке бөленгендердің ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз …

СӘТ-САПАР, АРМАНЫ АСҚАҚ ТҮЛЕКТЕР! Read More »

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға 55 “Жедел жәрдем” көлігінің кілтін тапсырды.