«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.10.2015

АБЫРОЙ БОЛҒАНДА, БӘРІ АМАН

Жуырда кешкілік уақытта Астана-Петропавл тасжолының бойындағы Рощинск ауылының маңында жол апаты орын алды. Шетелдік көлікті тізгіндеген жүргізуші қарсы беттегі машинаның жарығынан рульге ие бола алмай, жол қоршауына соғылады. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Көлік ішіндегілер жарақат алғанымен, бәрі де дін аман. Апат орнына Тайынша ауданының Келлеровка ауылындағы құтқару-медициналық пунктінің бригадасы тез жетіп, зардап шеккендерді аудандық …

АБЫРОЙ БОЛҒАНДА, БӘРІ АМАН Read More »

БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ

Облыстық ішкі істер департаментінде “Адам және заң” республикалық газетінің бас редакторы, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімовтің және белгілі заңгер Айдархан Ысқақовтың қатысуымен семинар өтті. Елбасы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында: “Біз тіпті ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз, себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді”, …

БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ Read More »

90-ШЫ ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫ ЕДІ…

Петропавлдағы Әскери институтта запастағы полковник Манас Мағұловтың “Тревожное лето 1990 года. Записки офицера” атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Оқуға жеңіл, қалың оқырманға түсінікті әрі әсерлі етіп жазған кітабында автор 1990 жылдарда орын алған, қырғыз және өзбек халықтарының арасында қақтығыс туғызған, бейбіт тұрғындарды қайғы-қасіретке ұшыратқан Ош оқиғасын еске түсіреді. Қилы кезеңнің әрбір минутын офицердің көзқарасымен, …

90-ШЫ ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫ ЕДІ… Read More »

САХНАДА – “МАҒЖАННЫҢ” МҮШЕЛЕРІ

Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында өткен “Туған тілім – тірлігімнің айғағы” атты әдеби кештің көздеген мақсаты – қасиетті қазақ тілі мен әдебиеті құндылығының оқушылар санасында берік орнығып, қолданыс аясының кеңеюі. Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының жанынан құрылған “Мағжан” жас қаламгерлер әдеби бірлестігінің мүшелері ұйымдастырған шара барысында аталмыш мектептің өлең-жырға әуес, ақынжанды оқушылары тырнақалды туындыларын оқыды. Ұлы Мағжан …

САХНАДА – “МАҒЖАННЫҢ” МҮШЕЛЕРІ Read More »

ЖЫР БОЛЫП ӨРІЛГЕН ТАРИХ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылындағы Мәдениет үйінде аймақтық ақындар айтысы өтті. Жыр додасына өңіріміздің ақындарынан өзге, көршілес Көкше өңірінің жүйріктері де қатысты. Доданың дүбірлеп өтуіне аталмыш аудан әкімдігінің демеушілік еткендігін айта кеткен жөн.

Арман ШОРАЕВ: “СПОРТ ПЕН ШОУДЫ БІРІКТІРДІК, ЕНДІ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА “ШАҒЫН РЕВОЛЮЦИЯ” ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ”

Белгілі тележурналист Арман Шораев – Айыртау ауданының тумасы. Қызмет жолын бұрынғы Көкшетау облыстық радиосы жастар бағдарламасының редакторы ретінде бастаған әйгілі жерлесіміз – бүгінде қазақ күресіне арналған “Қазақстан барысы” атты ірі жобаның авторы әрі жетекшісі. Ол ұлттық спортымызды әлемдік деңгейде танытқан бірнеше турнир ұйымдастырды. Сондай турнирдің бірі – “Еуразия барысы” биыл үшінші рет өткізілгелі отыр. “Қазақстан …

Арман ШОРАЕВ: “СПОРТ ПЕН ШОУДЫ БІРІКТІРДІК, ЕНДІ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА “ШАҒЫН РЕВОЛЮЦИЯ” ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ” Read More »

ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚАМҚОРЛЫҚ

Мен Петропавл қаласында тұратын көпбалалы аналардың бірімін. Үлкен қызым мен кенже балам үйдің қасында орналасқан мектепте оқиды. Ал ортаншы қызым Айғаным – денсаулығына байланысты құлақ кемістігі бар балалар білім алатын облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі.

ЖАС КЕЛІН, СЕН ДЕ ТЫҢДА!

Сізді жаңа әулетте ешкім жақсы танымайды. Сондықтан сіз туралы пікір сыртқы келбетіңізге қарап қалыптасады. Ендеше көңіл күйіңізді түзеңіз. Қабағыңызды түйіп немесе жөнсіз күліп отыруға болмайды. Киім таңдауда сақ болыңыз. “Адам көркі – шүберек” екені рас, бірақ көрікті боламын деп шектен асудан аулақ болыңыз. Етегіңіз ұзын, көкірегіңіз жабық болсын.

“ТОЙ МА, ӘЛДЕ ШОУ МА?” (“Солтүстік Қазақстан”, №116, 03.09. 2015 ж.)

“Шаңырақ” қосымшасының өткен санында “Той ма, әлде шоу ма?” деген мақала жарық көрді. Онда Қызылжар қазақтарының тойды қалай өткізетіндері жайында жазылған. Оқып отырып, автордың ойымен келіспеуге болмайды. Шынымен де, қазіргі той-томалақтарда біздің әдет-ғұрыпқа жатпайтын неше түрлі “жаңалықтарды” көріп жүрміз. Қалыңдықтың өз тойында әкесімен би билеуі, сәлем салғаны үшін ақша беру, қыз-жігіттердің ортаға шығып, түрлі ойындарға …

“ТОЙ МА, ӘЛДЕ ШОУ МА?” (“Солтүстік Қазақстан”, №116, 03.09. 2015 ж.) Read More »

ҚАТТАМА НАН

Бүгінгі қонағымыз – Петропавл қаласының тұрғыны Гүлайым Шаяхметова ас атасы – нанның бірнеше түрін ұсынады. Қаттама нан – ұннан жасалатын тағамдардың өте дәмді түрі. Май, жұмыртқа, сүт қосып иленетін қамырына ашытқы салмайсыз. Бірақ қатты етіп илеу керек. Қамырды жұқа етіп жайып, жайманың бетіне сарымай жағылады. Осыдан кейін қамырды орама тәріздес етіп қабаттап орайсыз да, пышақпен …

ҚАТТАМА НАН Read More »

ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОТАҒАСЫ

Жақында “Құрмет” орденінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты, “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры Еркебұлан Мәмбетовпен отбасылық құндылықтар жайлы сұхбаттасудың сәті түсті. – Еркебұлан Нұрмағамбетұлы, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2-ші рет ұйымдастырылған “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңінде озып шыққан отбасылар Астанада сахна төріне шығарылып, айрықша ықылас көрсетілді. Рухани тәлім-тәрбиесі зор конкурсқа алғаш қатысушы ретінде не …

ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОТАҒАСЫ Read More »

БІРГЕ ТҰРУ ҚИЫН БА?

Қазіргі қыздардың көбі тұрмысқа шыққанда ата-енесімен бірге тұрғысы келмейді. Олар қарашаңыраққа келін болып, барлық жауапкершілікті өз мойындарына алуды артық салмақ санайтын сияқты. Осы жерде “Неге?” деген орынды сауал туындайды. Әсем Қырым, 26 жаста: – Мен тұрмысқа шықсам, ата-енеммен бірге тұрмаймын. Бұл ойымды осы бастан болашақ жұбайыма айтып та қойдым. Өйткені, екі әйел адамның бір үйде …

БІРГЕ ТҰРУ ҚИЫН БА? Read More »

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯ

Өмір жолында кездесетін қиындықтарға мойынсұнбай, дәуір жүгін алға сүйреген аяулы жандардың бірі – Сара Біржанова. 93 жастағы қария Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында тұрады. Қайсарлықты қанат еткен Сара әже – көпбалалы ана. Бауырынан тараған ұл-қыздарына қазақы тәрбие беріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген ардақты ананың тілегі де, ниеті де бір. Ол – ел амандығы. Бүгінгі …

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯ Read More »

БӘСЕКЕ ЖҮРМЕЙТІН ЖЕР (“Солтүстік Қазақстан”, №126, 19 қыркүйек 2015 ж.)

БЕКЕРГЕ МАЛ ШАШУ — МАҚТАНШЫЛЫҚ “Солтүстік Қазақстан” газетінің 19 қыркүйек күнгі санында “Бәсеке жүрмейтін жер” тақырыбымен мақала жарияланды. Бүгінгі күні халқымыз тойды ғана емес, дұғаны да бәсекеге айналдырғаны өкінішті-ақ. Мешіт имамдары тарапынан бұл мәселе талай мәрте айтылып жүр. Соның өзінде, әсіресе, ауылды жерлерде құлақ асқысы келмейтіндер көп. Ал облыс орталығында имамдардың айтуымен жыртыстың ақшасын қайырымдылыққа …

БӘСЕКЕ ЖҮРМЕЙТІН ЖЕР (“Солтүстік Қазақстан”, №126, 19 қыркүйек 2015 ж.) Read More »

ЖЫР ДҮЛДҮЛІ ОРЫНБАЙДЫҢ СОҢҒЫ АЙТЫСЫ

Орынбай Бертағыұлы (1813-1891) Айыртау ауданындағы Дәуқара ауылы маңында дүниеге келіп, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының төңірегінде жерленген. Айтыстың асқан жүйрігі Шөже, Арыстанбай, Кемпірбай, Жанақ, Түбек сынды саңлақтармен сөзсайыстарда шашасына шаң жұқтырмаған. Ақын қартайған тұста бәйбішесі өмірден озып, жаны күйзелген екен. Осындай шақта «Айтысты қойсам қайтеді…» деп жүреді. Алайда, бір астың үстінде көпшілік, әсіресе, байманаптар қолқалаған …

ЖЫР ДҮЛДҮЛІ ОРЫНБАЙДЫҢ СОҢҒЫ АЙТЫСЫ Read More »

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРЖЫҒА ТІРЕЛЕДІ

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент басшылығы облыс орталығын жарықпен және жылумен қамтамасыз етіп отырған екі монополиялық субъектінің жұмысын бағалау мақсатында ұйымдастырылған баспасөз турына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырды.

МАҢЫЗЫ ЗОР БАСТАМА

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – тұрғындардың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызы зор салалардың бірі. Саланың өзіндік мәселелері де жетіп артылады. Әсіресе, тұрғындар тарапынан пәтер иелері кооперативтері атына айтылар сын көп. Ал қаладағы пәтер иелері кооперативі жоқ тұрғын жайлардың мәселесі қалай шешілуде?

МАЙДАНГЕР АТАМ ТӘЛІМГЕРІМ ЕДІ

Екінші дүниежүзілік соғыста қаншама адам жанын шүберекке түйіп, елі, жері, Отаны үшін етігімен су кешті. Жеңісті жақындатып, бейбіт өмірді қорғаған асыл азаматтардың арасында менің қайын атам Бағрам Сейітбаев та болғанын бүгінгі күні ұрпақтары, біздер, мақтан етеміз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланған биылғы мерейлі жылы атам жайлы бір үзік сыр айтуды, оның жүріп өткен жолдарын асқан …

МАЙДАНГЕР АТАМ ТӘЛІМГЕРІМ ЕДІ Read More »

ОРТАСЫНА СЫЙЛЫ ЖАН

Михаил Юрковпен мен өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері таныспын. Әскери міндетін Балтық теңізінде атқарған Михаил Степанович елге старшина шенімен оралды. Ол сол кездің өзінде жоғары адамгершілік қасиетімен, ұйымдастыру қабілетімен ортасына сыйлы болатын. Бүгінде жаны жайсаң замандасым 70 жастың төріне шығып отыр.

ӘЛІ ДЕ ҚАТАРДА

Ардагерлер кеңесі бұрынғы Ленин атындағы, қазіргі Ақжар ауданында 1988 жылы құрылып, содан бері қоғамдық ұйымды төртінші адам басқарып келеді. Осы жылдардың ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ардагерлер қозғалысы үлкен жолдан өтіп, ең белсенді қоғамдық бірлестікке айналды. Егемен еліміздің тарихи бастауында тұрып, өркениетті мемлекетті қалыптастыруға және ел болашағы – жастардың саналы да сапалы тәрбие алуына қазыналы …

ӘЛІ ДЕ ҚАТАРДА Read More »