«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында өткен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысында әйелдердің қоғамдағы рөлі сөз болды.

“Нұр Отан” партиясының аудандық филиалы ғимаратына білім, денсаулық және әскери салаларда қызмет атқаратын қыз-келіншектер жиналды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов: “Қазақ жерінде түрлі этнос өкілдері тыныштық бесігінде тербеліп, алаңсыз өмір сүріп жатыр”, – деді.

Оның айтуынша, елімізде 200-ден астам аналар кеңесі жұмыс істеуде. Ол отбасы құндылықтарының сақталуына, рухани тәлім-тәрбиені дамытуға атсалысып, қоғамның дамуына белсенді түрде араласып жүрген аналарға алғысын білдірді. Әл-Фараби мектеп-лицейінің директоры Күлімкөз Смаилова жетекшілік ететін аналар кеңесінің мүшелері алдағы уақытта да бұл сенім үдесінен көрінеміз деп сендірді.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp