Облыстық бейнелеу өнері мұражайында грек фотосуретшісі Костас Асимистің “Біздің Афон” тақырыбындағы көрмесі өтті. Бұған дейін өнер иесінің туындыларын Қазақстанның Павлодар, Өскемен, Астана, тағы басқа қалаларының тұрғындары тамашалап үлгерді.
Петропавлда алғаш рет ұйымдастырылған шығармашылық шараға 170-тен астам фотосурет қойылды. Костас Асимистің суреттерінде Грекиядағы киелі Афон тауындағы ғибадатханалардың сан ғасырлық тарихы баяндалады. Автор ұзақ жылдар бойы киелі орындар жайлы деректерді жинап, зерттеу жұмыстарымен де айналысыпты. Қала тұрғындары мен меймандары үшін көрме 1 қарашаға дейін жалғасады.
(Өз тілшіміз).
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.