«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ЖАЛТАРА АЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев көшесінің бойында таңғы уақытта жеңіл автокөліктің иесі велосипед жүргізушісін соғып, оқиға орнынан жасырынған. Дене жарақатын алған жәбірленуші өзі келіп, дәрігер көмегіне жүгінді. Жасырынған көлікті анықтау мақсатында ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде “Toyota Carina E” маркалы автокөлік анықталды. Көп кешікпей көлік жүргізушісі де ұсталды.

Облыстық әкімшілік полициясы басқармасының іздестіру бөлімінің бастығы Юрий Никоновтың айтуынша, Абай көшесі бойымен жүріп келе жатқан “Toyota Carina E” автокөлігі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  

Полицейлерді көрген 24 жастағы жігіт велосипед жүргізушісін қағып кеткенін бірден мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610, 611-баптары бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp