«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРІК МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Петропавлдағы Достық үйінде “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен “Сары дала әуені” атты галаконцерт болып өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында бастау алған түрік мәдениетінің апталығы аясында өрбіді. Ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты – жиналған қауымды түрік мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрімен таныстыру. Көпшіліктің назарына ұсынылған концерттік бағдарламаға “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы, “Дуслык” татар-башқұрт орталығы, “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі, Әзірбайжан және Қырғыз мәдени орталықтары қатысты.

Тамаша ән мен күйге бөленген кеш көрермендері бұл күні түрік мәдениетінен сусындап, рухани демалу мүмкіндігіне ие болды.  

“Мемлекеттік тіл – бірлік бастауы” атты бұған дейін өткізілген эссе байқауының қорытындысы да галаконцертте анықталды. Бірінші орын тапсырманы қазақ және орыс тілдерінде жазған екі оқушыға берілді. Олар: Петропавл қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы №20 орта мектептің 7-сынып оқушысы Ақнұр Қазияқпар мен Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл №1 мектебінің 8-сынып оқушысы Дарья Просвирина. Жеңімпаздар дипломмен марапатталса, байқауға өз оқушыларын дайындаған мұғалімдерге Алғыс хат тапсырылды.

Түрік мәдениеті апталығына қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp