Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте 58 кәсіпқой құтқарушы еңбек етсе, соның 28-і – жас қызметкерлер. Сондықтан әкімшіліктің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі – бұрынғы және жаңа қабылданған қызметкерлерді бір-бірімен жақын таныстыру, олардың арасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру. Осыған орай жақында Пёстрое көлінің жағажайында тренинг өткізілді. Бейресми жағдайда өткен шарада қызметкерлер өздерін еркін ұстап, бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Тренинг “қошемет”, “бразилиялық әжей”, “ашуыңды шығар” деп аталған жаттығулардан басталды. Одан әрі қатысушылар үш топқа бөлініп, сайыс ұйымдастырды. Жарысқа қойылған басты талап – әр топтың жеңіске деген талпынысы ұжымдық сипатта көрінуі керек. Жарыс қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды. Сондай-ақ, арнайы аталымдар бойынша жекелеген адамдарға сый-сияпат көрсетілді.
Александра ЮДАЕВА,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің психологі.