Қарамағындағылардан “жылу” жинауды жолға қойған қарағандылық лауазымды қос полицей кепілдікке ақша беріп, бостандыққа шықты деп хабарлады “КТК” арнасы.
Әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ерғабыл Жүкенов пен патрульдік батальон командирі Айтпай Сыздықов өткен аптада ғана ұсталған болатын. Бұл екеуі қызметкерлеріне 3 күнде 55 мың доллар жинатқызыпты.
Ала таяқ ұстанған инспекторлардың шыдамдары таусылып, бастықтарының үстінен ұжымдық арыз түсірген екен. Құлқындары кең қос полицей бірден қамауға алынғанымен, кепілдікке ақша беріп, тергеу аяқталғанша бостандыққа жіберіліпті.
Қазір алаяқтық бабы бойынша тергеу жүргізілу үстінде.