«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЛАСЫН АСЫРА АЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының уәкілдеріне белгісіз жас жігіттің марихуана сатып жүргені туралы хабар түскеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ақпарат расталды. Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны 9 килограмға жуық марихуанамен ұсталды.

Тәртіп сақшылары есірткі сатушыны жалға алынған пәтерлердің бірінде қолға түсірді. Пәтерді тінту барысында ірі көлемде есірткі тәркіленді. Кейін оның отбасымен бірге тұрып жатқан тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде де есірткі табылды.  

Ұсталған азамат – ешқайда жұмыс істемейтін Петропавл қаласының 1990 жылы туған тұрғыны. Ол осыған дейін мүліктік қылмыстар бойынша істі болған екен. Күдікті есірткіні қаланың түрлі аудандарында тек жалға алынған пәтерлерде ғана сатып отырған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, марихуананы сату мақсатымен сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp