«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫР АТЛЕТТЕР ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Байқоңыр қаласында классикалық пауэрлифтинг пен зіл темірді жатып көтеруден Қазақстан біріншілігі аяқталды. Сайыста еліміздің ең мықты деген 180-нен астам спортшысы бақ сынады.

Байрақты жарыста солтүстікқазақстандық құрама команда жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Жекелей сында ерлер бәсекесінде 120 килограмнан жоғары салмақта Ринат Ахматаков алтыннан алқа тағынды. Ал әйелдер арасында 63 килограмм салмақта Мария Тимошина жеңімпаз атанды.  

Күміс медаль 59 килограмм салмақ дәрежесінде сайысқан Константин Джибаға, 93 және 74 килограмм салмақта сынға түскен Денис Ахралович пен Андрей Свистуновқа бұйырды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp