Алматы қаласында белгісіз біреудің Ботагөз Жұмановаға ауыр дене жарақатын салу фактісіне орай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыс белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Жәбірленушінің түсініктемесінен кейін оқиға орын алған жерге Алматы қаласының ішкі істер департаменті мен Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының басшылары дереу жетіп, жол-патрульдік полициясы экипажы және учаскелік полиция инспекторларымен көшелерде, аудан аумағындағы үйлердің кіреберістерінде тексеріс жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушінің тұратын үйінің кіреберісінде қойылған бейнебақылаудың көмегімен күдіктінің бет-әлпеті көрсетілген бейнежазба тәркіленіп, тиісті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда қылмыс жасаған адамның кім екенін анықтап, оны ұстау мақсатында кешенді жедел іздестіру шаралары қолға алынды. Құрылған жедел тергеу тобын Алматы қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасары басқаруда. Қылмыстық тергеу жұмыстары ІІМ-нің қатаң бақылауында.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
баспасөз қызметі.