Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған күзгі кросс өтті. Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер және өңіріміздің спорт саласының ардагерлері қатысты. Жалпы саны 600-ден асқан желаяқтар ашық аспан астында түрлі қашықтықтарды бағындырды.
Алдымен он сегіз бен алпыс жас аралығындағы адамдар 1000 және 500 метр қашықтықта бақтарын сынады. Осыдан соң мектеп жасындағы балалар сынға түсті. Соңғы кезеңде алпыстан асқан солтүстікқазақстандық жарты шақырымға жүгірді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.