Облысымызда күзгі жиын-терін аяқталып келеді. Ал науқанды дер кезінде тамамдаған аудандар мен шаруашылықтар болашақ мол өнімге негіз қалауда. Олардың қатарында Шал ақын ауданындағы “Агро Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де бар. Мұнда науқандық жұмыс кезінде уақытпен санаспай еңбек етіп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген механизаторлар көп. Солардың бірі – Серікбай Ахметовтың дала техникасын тізгіндегеніне 20 жылдан асты. Тәжірибелі механизатор өнімнің шашау шықпастан қамбаға құйылуына аз еңбек сіңірген жоқ. Ауа райының қолайсыздығына, дала жұмыстарының қиындығына қарамастан, қажымай-талмай, еңбек етті. Егінді алқаптың еңбек самалымен тыныстаған диқанның арманы да орындалғандай. Аз ұйықтап, көп жұмыс істеу дәл осындай еңбекқор азаматтарға ғана тән.
СУРЕТТЕ: С. АХМЕТОВ.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.