«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНІМІМІЗ – АСТАНАҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы жылдың 17-18 қазан күндері Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысады. Жәрмеңке 2 күнге созылады.

Солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы құрылымдары елордалықтарға жылдағы дәстүрге сай ет, балық, сүт, макарон өнімдерін, көкөніс, бал және басқа да азық-түлік түрлерін ұсынады. Біздің облысымыздан Астана қаласына 600 тонна тағам апару жоспарланған, соның ішінде: 58 тонна ет, 5 тонна шұжық, 14 тонна сүт, 200 қорап жұмыртқа, 25 тонна ұн және тағы да басқа табиғи өнімдер бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы көпшілікке қолжетімді болу үшін әдеттегіден 15-20 пайызға арзанға сатылмақ. Сатып алушыларға арнап 60 сауда шатыры орнатылатын болады. Автокөліктерде картоп, көкөністерді көтерме бағамен сату ұйымдастырылады.  

Сонымен қатар, жәрмеңке кезінде облысымыздың шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама қала тұрғындарына мерекелік көңілкүй сыйлайтын болады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp