«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АТЫ-ЖӨНІМІЗДІ ҚАЗАҚШАЛАЙЫҚ!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында жоспарланған іс-шараларының бірі осылай аталды.

Акция облыс орталығындағы қазақтілді мектептерде “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңның 20-бабын және “Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі №2923 Жарлығын оқушылар арасында насихаттау мақсатында өткізілді.

Іс-шараға облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясының қызметкерлері және әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары тартылды.  

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша 2012 жылы дүниеге келген 3437 қазақ баласының 57 пайызының тегі қазақша жазылған, 2013 жылы 3455 баланың – 59,3 пайызы, 2014 жылы 3270 баланың – 56 пайызы, 2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген 1028 қазақ баласының 54 пайызының аты-жөні қазақ халқының дәстүріне сәйкес жазылған.

Ал облыс орталығындағы қазақ мектептеріндегі 15-16 жастағы ұл-қыздардың құжатында тегі мен әкесінің аты ұлттық үлгіде ресімделгендердің саны өте аз екеніне көзіміз жетті.

Жеке басын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ететін мекеме мамандары кездесу барысында кәмелеттік жасқа толған жасөспірімдерді құжат алу тәртібімен таныстырды және олардың сауалдарына жауап берді.

Фарида ТҰЯҚОВА,

облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp