Бүгін Астанада Орталық Азиядағы ірі білім көрмесі – “Bolashak alumni reunion conference and education fair 2015” және “Болашақ” түлектерінің кездесу конференциясы өтуде. АҚШ-тың “NAFSA” әлемдік білім көрмесінің баламасы бойынша құрылған аталмыш шараға 40-тан аса шетелдік және 20 қазақстандық университет қатысуда.
Осы жиынның қарсаңында “Халықаралық бағдарламалар орталығы” акционерлік қоғамының президенті Ғани Нығыметовтің және аталмыш жиынға шақырылған білім саласындағы халықаралық сарапшылар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізген болатын. Аталмыш шарада олар Елбасының салаға айрықша назар аударып отырғанын ерекше атап өтіп, Білім және ғылым министрлігінің “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын іске асыруда қолданған шараларына баға берді.
(Өз тілшіміз).