Елімізде ұзақ жасаушылардың саны артып келеді. Қарт-қариясының көптігі жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.
Ақ сақалды ата, ақ жаулықты әжелердің саны біздің облысымызда да біршама. Облыстық статистика департаментінің бас маманы Гүлшат Әбілшинованың айтуынша, өңірімізде жасы жүзден асқан 20 адам тұрады. Олардың 5-еуі – ақсақал, 15-і – ақ жаулықты әже. 4-еуі Петропавл қаласында өмір сүрсе, 16-сы – Айыртау, Жамбыл, Қызылжар және Шал ақын аудандарының тұрғындары.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.