«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 90 мыңнан астам зейнеткер және 28 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың ішінде 4310-ы жалғыз тұрады, ал соның 1203-і – жалғызбасты.

Қарттар мен мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жылда әдеттегідей 1 қазан – 1 қараша аралығында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Оның мақсаты – аға буынның қоғам алдында сіңірген еңбегіне ризашылық білдіріп, оларға қамқорлық көрсету.

Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын ұйымдастыру мақсатында оған дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарланған іс-шаралар қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға, оларға медициналық қызметті жақсартуға және мәдени шараларды ұйымдастыруға бағытталған.  

Айлық аясында биылғы жылдың 12 қыркүйегінде қайырымдылық сенбілігі өтті, оған 99 мыңнан астам адам қатысты. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша одан түскен қаражаттың жартысы өз зейнеткерлерін құрметтеу үшін кәсіпорындарда қалады, ал қалған жартысын өңірлік ардагерлер кеңестерінің есепшоттарына аудару ұсынылды. Барлық қаражат зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсалатын болады. Халықаралық қарттар күні облыстың еңбек ұжымдарында зейнеткерлердің қатысуымен кездесулер, мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

Облыстың халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бағынысты 8 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда бөгде адамның күтуіне және әлеуметтік қолдауына мұқтаж 1,6 мың адам тұрады, соның ішінде жалпы типтік мекемелерде тұрып жатқан 300-ден астам қарт адам бар.

Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі айлық аясында ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелерде жоспарға сай іс-шаралар көзделген, онда барлық мекеме қызметшілерінің және қамқорлықтағыларының қатысуымен салтанатты жиналыстар және мерекелік концерттер өткізу жоспарланған болатын.

Бұған қоса, айлық барысында мекемелерде “Үміт достарын тоғыстырады”, “Жақсылыққа толы мереке”, “Жүрек бұрынғысынша соғады дүрсілдеп” деген тақырыптарда демалыс кештері ұйымдастырылады. “Белсенділікпен күн кешіп”, “Оның да терезесі тең”, “Кәрілік күйінішімен қиын”, “Өмірге жол” деген тақырыптармен “дөңгелек үстелдер” және басқа да шаралар өткізілуде.

Саламатты өмір салтын қолдау үшін мүгедектер арасында дене шынықтыруды дамытуды насихаттау мақсатында “Үміт”, “Көңілді мәре”, “Ақ ладья”, “Ұзақ ғұмырдың құпиясы” спорт жарыстары ұйымдастырылады. Мекемелердің іс-шаралар жоспарында “Ал, қанеки, қыздар!”, “Ал, қанеки, жігіттер!” ойын-сауық конкурсын өткізу де көзделген.

Әлеуметтік көмек бөлімшелерінде айлық аясында үйлерде қызмет көрсетілетін адамдарға құрмет көрсету, тақырыптық шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын болады.

Айлық аясында кәсіпорындарымен байланысын жоғалтқан зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні кәсіпорындармен байланысын жоғалтқан зейнеткерлердің саны – 19 мыңнан астам.

100 жастан асқан қарияларды құрметтеу, 50, 55, 60 жыл және одан ұзақ уақыт бірге тұратын ерлі-зайыптылар жұптарын құрметтеу де қарастырылған.

Тұтастай алғанда, облыс бойынша қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша іс-шаралар өтеді, олар мұқтаж адамдарға барынша жәрдемдесуге, ілтипат пен қамқорлыққа бөлеуге мүмкіндік береді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp