«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.10.2015

КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАДЫ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде “Қызылжар жастары” КТК одағы” облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлік Мұхамеджановтың бастауымен көңілділер мен тапқырлар клубының қазақтілді командалары арасында “Жайдарманның” облыстық кезеңінің ойындары өтті.

ТАБИҒАТТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР

Тәртіп сақшылары заңсыз аңшылықпен айналысуға, ағаш кесуге, экологиялық қылмысқа тосқауыл қою мақсатында жүргізілген рейд барысында Мамлют ауданының Меңкесер ауылы маңында Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны жүргізген “Toyota Land Cruiser” маркалы автомобильді тоқтатты. Тексеру кезінде көліктен мүшеленбеген сібір елігінің еті, “СZ 527” және “Вепрь-12-молот” маркалы аңшы мылтықтары табылды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, …

ТАБИҒАТТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР Read More »

МОЛ МҮМКІНДІК

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот “Сот кабинеті” сервисінің жаңа мүмкіндіктерін “дөңгелек үстел” тақырыбына арқау етті. Жиынға өңіріміздің адвокаттары, №6637 әскери бөлімнің, психоневрологиялық диспансердің, наркологиялық орталықтың өкілдері қатысты. Жиналғандарға аталмыш соттың төрағасы Сергей Викторенко: “Сот кабинеті” сервисінің енгізілуі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, бюрократиялық кедергілерді жоюға, судьялардың азаматтармен тікелей байланысын азайту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын …

МОЛ МҮМКІНДІК Read More »

ТАРИХПЕН ҚАУЫШУ

Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай “Асқақ рухты Қазақ хандығы” атты көрме ашылды. Көрменің мақсаты – ел үшін аянбай еңбек еткен көрнекті тарихи тұлғалардың ерліктерін насихаттау. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Көрменің негізін тарихи тұлғалардың фотосуреттері, карталар, кітаптар, жабдықталған жартылай киіз үйдің көрінісі, газет …

ТАРИХПЕН ҚАУЫШУ Read More »

БОБСЛЕЙ

Бобслей – қысқы Олимпиадалық ойындардағы шанамен сырғанау спортының бір түрі. Ойынның Отаны – Швейцария. Ол IX ғасырдың аяғында пайда болды. Ойын жарысы биік жал сияқты етіп, екі қапталына және табанына мұз қатырылған, шұғыл бұрылыстары бар, үлкен жылдамдыққа арналып арнайы жасалған ұзын арна сияқты жолдарда өткізіледі.

ЖАҢЫЛТПАШТАР

Асан бақша жақтан Ақ сабақ асқабақ әкелді, Басқа жақтан Басқарақ асқабақ әкелді.

АТА САЛТЫҢ – АСЫЛ ҚАЗЫНАҢ

Адалбақан – азық-түлік ілетін ұзынша ағаш. Қоржын – жіптен тоқылған екі бөлімді теңдеме. Дорба – матадан немесе киізден тігіліп, құрғақ тағамдар салатын ыдыс.

НҰР-МЕКТЕБІМ, ЖАРҚЫРА!

Күз келді, бастау алды жаңа өмір, Толқиды, қуанады бала көңіл. Аттадық табалдырығын Нұр-мектептің, Сеніммен, қуанышпен жайнап гүл-гүл.

ЕСЕПТЕР

Азаттың 35 көгершіні бар. Азат оларды үш үлкен және он кішкентай торға бөліп отырғызды. Әр үлкен торға бес көгершіннен отырғызса, әр кішкентай торға қаншадан отырғызды? * * * Мектеп залына алты орындықтан бес қатар және үш орындықтан төрт қатар орындықтар қойылған. Барлығы қанша орындық бар? * * * Екі тігінші бағасы бірдей 9 қорап түйреуіш …

ЕСЕПТЕР Read More »

ӘТЕШТІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ТАУЫҚ

Ертеде тауық пен әтеш өмір сүріпті. Тауық жұмыртқалап, әтеш болса азық іздеп, дән жинайтын. Тапқан азығын тауықпен бөлісетін. Бидайды қазып алып, тауықты шақырады: – Ко-ко-ко, мен бидай тауып алдым!

ПОЛИГОНДЫ ЗЕРТТЕЙДІ

XXI ғасыр – технологияның заманы. Қазіргі таңда, әсіресе, робот техникасы кеңінен қанат жайып дамып келеді. Бұл салаға өскелең ұрпақтың бет бұрып келетіні қуантады. Мәселен, мен білім алатын химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робот техникасы саласын кәсіби түрде меңгеріп жүрген оқушылар жетерлік.

БАЛА ЫНЖЫҚ БОЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

– Менің ұлым тым ынжық, өзінің пікірін, көзқарасын еркін жеткізе алмайды. Қазір орта буынға аяқ басқан баламның болашағына алаңдаймын. Бұл мінезімен ертеңгі күні әркімнің қолжаулығына айналып кете ме деген қаупім бар. Осының алдын алу үшін не істеуім керек?

ОҚУ ЕШҚАШАН КЕШ ЕМЕС

Осызаманғы мектеп пен педагог үшін “өмір бойы оқу” қағидасы басты ынталандырушы ұстанымға айналды. Өйткені, қазіргі күні өмір бойы оқып, жаңа білімді тауып, онымен сусындау – педагог пен мектептің маңызды міндеті. Бүгінгі күні ауыл мен қала мектебінің арасында айырмашылық болмауы тиіс. Педагогтің жаңа талаптарға сәйкес кәсіби дамуы – басты міндет. Бұл орайда педагогтердің деңгейлік бағдарламалар бойынша …

ОҚУ ЕШҚАШАН КЕШ ЕМЕС Read More »

НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласының оқушылары орман шаруашылығы бойынша Ресейде өткен халықаралық слетке қатысып, облыстың ғана емес, республиканың намысын абыроймен қорғады. Жас орманшылардың аталмыш сапарға баруына облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қолдау көрсетті.

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ТИІМДІ

Оқушылардың оқуға ынтасын, үйренуге қызығушылықтарын арттыруда, белсенділіктерін ынталандыруда және қабілетін аша білуде формативті бағалаудың маңызы зор. Мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан, оқушылардың мәтінді түсініп оқуларына баса назар аударамын. Негізгі сөйлеу бірлігі болып табылатын мәтін тілдерді үйретудің классикалық әдістемесінде басты құрал болып есептеледі. Мәселен, сабақ барысында оқушылар “Gelert – the faithfur dog” мәтінімен жұппен және …

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ТИІМДІ Read More »

ОНЛАЙН ҚОЛДАУ КӨМЕГІ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау жобасын жүзеге асыра бастады. Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарды психологиялық қолдауды, отбасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды сақтауды, дене қозғалысы шектеулі тұлғалардың жан күйзелісіне ұшырамауына жағдай жасай отырып, отбасы мүшелеріне кеңес …

ОНЛАЙН ҚОЛДАУ КӨМЕГІ Read More »

БІЛІМ БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мемлекет басшысының ұсынған жаңа экономикалық саясаты орта білімді жаңғыртуды талап етеді. Онда өзіндік ізденіс, сыни талдау, функционалдық сауаттылық дағдыларын дамытуды басшылыққа алу қарастырылған. Орта білім беру сапасын арттыру стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады. Бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне жағдай жасау мақсатында халықаралық TIMSS, PISA, PIRLS мониторингтік ғылыми-зерттеулері жүзеге асырылуда. Бұл халықаралық зерттеулерге оқушылардың білім мен …

БІЛІМ БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ Read More »

АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ БАҒЫ ҚАШАН ЖАНАДЫ?

Білім ошақтарының мәртебесін асқақтатып, материалдық-техникалық жағдайын көтеру үшін “Орта білім беретін үздік ұйым” конкурсы 2012 жылдан бері ұдайы өткізіліп келеді. Алайда, биыл төртінші мәрте өткен конкурс талаптарына ауыл мектептерінің “тісі” батар емес. Конкурс тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, қорыту, тарату, педагогтер мен орта білім беретін ұйымдар басшыларының жеке және кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. …

АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ БАҒЫ ҚАШАН ЖАНАДЫ? Read More »

ҰЖЫМНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Жаңа тарихи кезең жағдайында 30 ең дамыған мемлекет қатарына ену жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында экономиканың алты саласына білікті мамандар даярлау көзделген. Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі де осы талаптан шығуды көздеп, өңір экономикасында сұранысқа ие мамандарды оқыту үстінде. Білім ошағынан бүгінгі таңда 25 мыңнан астам маман үлкен …

ҰЖЫМНЫҢ ЖАНАШЫРЫ Read More »

ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ АЙТАРЫ БАР

Астанадағы педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Сапура Жолдасбаева Петропавл қаласындағы №9 және №10 мектептерінің ұстаздарымен кездесті. Шара барысында деңгейлік курстардан өткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлден Әленова, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Айнаш Мейрамғалиева, Сәуле Жетмекова, Ләйла Әмрина “Lesson stadu” зерттеу сабақтарын өткізіп, оны ұжым және жаттықтырушы алдында талдады. Сабаққа қатысқан ұстаздар кері байланыс орнатып, …

ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ АЙТАРЫ БАР Read More »