«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында “Қызыл-Жар СК” мен “Бәйтерек” командалары кездесті. Премьер-лигаға өтуіне бір-ақ қадам қалған қызылжарлықтар бұл кездесуде ойламаған жерден көш соңында келе жатқан аутсайдерден жеңіліс тапты.

Шабуылдарын үдете түскен жерлестеріміз бірінші таймның 29-шы минутында есеп ашты. Алғашқы голдың авторы – синегалдық легионер Эльхаджи Ндойе.

Өкінішке қарай, жерлестеріміздің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Араға 7 минут салып, астаналық шабуылшы Игорь Попадинец есепті теңестіріп, көрермендер мен жанкүйерлерді таңғалдырды. Себебі, турнир соңында келе жатқан астаналықтардан мұндай белсенділікті күтпеген еді. 21 жастағы Игорь араға 2 минут салып, тағы гол соқты. Жерлестеріміз болса есе жібермеуге қаншалықты тырысқандарымен, астаналықтардың қорғанысын бұза алмады.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp