«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл кәсіптік колледжі облыстың түзеу мекемелеріндегі бас бостандығынан айрылған азаматтарды кәсіби даярлауды жүзеге асырады.

Кәсіптік колледжде электргазбен дәнекерлеуші, құрылыс, ағаш ұстасы, тасқалаушы, сылақшы, плита қаптаушы, тігінші мамандықтары сияқты қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерге оқытылады. 18 бен 60 жас аралығындағы кейбір сотталғандар үшін бұл бірінші алған мамандықтары болып табылады.

Колледжде тәжірибелі, біліктілігі жоғары педагогтер қызмет етеді. Олардың 93 пайызы – жоғары білімді, 38 пайызы жоғары және бірінші біліктілік санатына ие. Жыл сайын педагогикалық қызметкерлер қала мен облыстың кәсіпорындарында және құрылыс нысандарында тәжірибеден өтіп, біліктілікті арттыру курстарында санаттарын жоғарылатады, жоғары оқу орындарына түседі.

Өткен оқу жылында кәсіптік колледжден 109 түлек мамандық алып шықты.

Сергей ТИХОНЮК,

Петропавл кәсіптік колледжінің

директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp