«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.05.2024

КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Спорттың бірнеше түрін біріктірген ерекше жарыс түрі – көпсайыс. Жүгіру мен жүзу спортшының жылдамдығын арттырса, граната лақтыру мен нысана көздеу дәлдікті шыңдайтыны белгілі. Жеке спорт ретінде әрқайсысы бөлек, тіпті кейбірі олимпиадалық бағдарламаға енгізілген. Десе де, соңғы жылдары олар біртұтас спорт ретінде қарастырылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.  Көпсайыстан облыстық команда да жасақталған. Бірнеше спорттың басын қосқан көпсайыс …

КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ Read More »

МҰРАЖАЙ – ТАРИХ ҚОЙМАСЫ

Теріскей өңірінің тарихымен танысып, өмір өткелдерінен сыр ұққысы келетін әрбір адам қаламыздағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне ат басын тірейтіні анық. Мәдениет ошағының ашылғанына биыл 100 жыл толды. Осы мерейтойға орай және   18 мамыр – Халықаралық музей күніне байланысты руханият ордасының директоры Гүлнар Мұқышевамен әңгімелескен едік. – Гүлнар Ботанқызы, алдымен бір ға­сырлық жолдан өткен музей­дің тарихына тоқталып …

МҰРАЖАЙ – ТАРИХ ҚОЙМАСЫ Read More »

Барлық қызметке – бір кілт

Процестерді оңтайландыру және ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану процедурасын жеңілдету үшін Ұлттық куәлан­дырушы орталық екі ЭЦҚ кілтін беру мен пайдаланудың қазіргі процесінен бір ғана кілтті пайда­лануға көшті, яғни, жеке және заңды тұлғаларға МемСТ алго­ритмі негізінде бір кілт берілетін болады, ол авторизациялау үшін де қол қою үшін де қолда­нылатын болады. – Мемлекеттік қызметті алу­дың бір …

Барлық қызметке – бір кілт Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ

Биыл Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, “Халық қаһарманы” Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толады. Шал ақын аудандық кітапханасында “Нұрмағамбетовтің әскери жолы” тақырыбымен өткен шара батырдың өмір жолына арналды. Сағадат Қожахметұлы 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысының Ақкөл ауданында (бұрынғы Алексеев ауданы) өмірге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы әскери …

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ Read More »

ЕМІ ЖОҚ ВИРУС

Мамырдың үшінші жексенбісі бүкіл әлемде СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алу күні ретінде аталып өтіледі. АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық директоры Ринат Өлмесековтің айтуынша, мақсат – індеттен зардап шеккен адамдарды қолдау және қоғам назарын тағы бір мәрте адамның иммун тапшылығы вирусына аудару.  “Кез келген адам психоактивті заттарды инъекциялық жолмен қолданатындар қатарына жатпаса да АИТВ жұқтыру …

ЕМІ ЖОҚ ВИРУС Read More »

Кері қайтарылған сиыр еті

Облысымыздағы “Жаңа жол” ветеринарлық бақылау бекетіне 12 мамырда Беларусь Республикасынан (Минск облысы, “Несвижск агрокомбинаты”) 16 136 килограмм көлемінде сиыр еті келген. Құжаттамалық бақылау жүргізу барысында ветеринарлық инспектор ветеринарлық сертификаттарда көрсетілген ақпаратта Кеден одағы кәсіпорындарының тізіліміндегі деректермен сәйкессіздіктерді анықтады. Ветеринарлық сертификаттардың деректеріне сәйкес, Кеден одағының тізілімінде Беларусь кәсіпорны үшін көрсетілген қызмет түріне сәйкес келмейтін өзге мал …

Кері қайтарылған сиыр еті Read More »

Үш жерден пышақ салған

Петропавлдағы №44 орта мектептің оқушысы аулада 19 жастағы жігітті бірнеше жерден пышақтаған. Салдарынан бозбала ауруханаға түсіп, оған ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Білім ордасының директоры Анастасия Якушеваның айтуынша, 13 мамыр күні ерекше режімдегі арнайы мектептен 18 жастағы оқушы ауысып келген. Ол оқу жылын осында аяқтап, емтихан тапсырып, аттестат алуы тиіс еді. “Ол жұмысқа орналасу туралы …

Үш жерден пышақ салған Read More »