«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРАН БАҒЫШТАУДЫ ҮЙРЕНЕЙІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті мұсылман! Егер де марқұм болған ағайын-туыс, дос-жарандарыңызға және дәметкен аруақтарға Құран бағыштағыңыз келсе, “Фатиха” және “Ықылас” сүрелерін оқуыңызға болады.

“Фатиха” сүресі

Ағуузу биллааһи минащайтаанир раджиим, бисмиллааһир раһмаанир раһиим.

Алһамду лиллааһи раббил ғааламиин. Әррәһмәәнер-раһиим. Мәәлики яумиддиин. Ияәкә нағбуду уа ияәкә настағиин. Иһдинас сираатал мұстақиим, сираатал лазиина анғамта ғалайһим, ғайрил мағдууби ғалайһим уаладдааллиин (амин).

Мағынасы: өте рақымды әрі мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау күллі ғаламның раббысы Аллаға тән. Өте рақымды, ерек мейірімді, қиямет күнінің қожасы, саған ғана құлшылық етеміз, һәм сенен ғана медет тілейміз! Бізді тура жолға бастағайсың! Қаһарыңа тап болғандар мен адасқандардың жолына емес, өзің игілікке кенелткендеріңнің жолына!

“Ықылас” сүресі

Құл һу уаллааһу аһад. Аллааһұ ссамад. Лам ялид уалам юулад. Уалам якулләһуу куфу-уан аһад – үш рет қайталаңыз.

Қазақша мағынасы: өте рақымды әрі мейірімді Алланың атымен бастаймын (Ей, Мұхаммед!). Былай де: ол Алла жалғыз. Алла тәуелсіз (оған күллі зат тәуелді, мұқтаж). Ол (ешкімді) тудырмаған, (ешкімнен) туылмаған. Оған тең келер ешкім жоқ.

Садақал-лаһул-азиим. Сұбхана рөббикә роббил ғиззати ғамма ясифун уа саламун ғалал-мұрсалин, уалхамду-лиллаһи роб-бил ғаламиин.

Иә, ұлы Алла, осы оқылған “Фатиха”, “Ықылас” сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқандарыма (аты-жөнін айту керек) бағыштадым.

Иә, Алла! Ата-бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр!

Иә Алла! Біздерді үй-ішімізді, халқымызды қайғы-қасірет, қорлық-зұлымдықтан, қауіптен, қастандықтан, дұшпандықтан, табиғи апаттан, пәледен сақтай гөр!

Дұға-тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр!

Раббанаа аатинаа фид-дуняа һасанатан. Уа фил аахирати һасанатан. Уақинаа ғазаабаннаар.

Раббымыз! Біздерге дүниеде де, ақыретте де жақсылығыңды бере гөр. От азабыңнан сақта!”

Аллаһу акбар!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp