«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН САРБАЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бескөл ауылының орталық алаңында су тасқынымен күресу үшін басқа облыстан келген 68665 әскери бөлімінің 300 сарбазын шығарып салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Өңір басшысы әскерилердің отаншылдығы, батылдығы,  жауапкершілігі мен туған жерге деген адалдығы үшін алғысын білдірді. Алғашқы күннен бастап жас сарбаздар қарғын сумен күресуге бар күш-жігерін салып, траншеялар қазып, қаптар төсеп, бөгеттерді нығайтуға кірісті. Бірлескен күш-жігердің арқасында адамдардың өмірін сақтап қалды.

“Әскерилердің арасында бір апта бұрын Отан алдындағы борышын аяқтаған 51 сарбаз бар.  Бірақ олар бізге көмектесу үшін қалып, аянбай еңбек етті. Еліміздің батыл азаматын, нағыз ерлерді тәрбиелеп өсірген ата-аналарға бас иіп, алғысымды білдіремін”, –  деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp