Қызылжар ауданының Асаново ауылындағы “Аби-жер” серіктестігінің жанынан өрт сөндіру бекеті ашылды. Шараға аудан әкімі Болат Жұмабеков, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев қатысты.
Енді аталмыш нысан Асаново ауылына жақын орналасқан елді мекендердегі төтенше жағдайларды жоюға да атсалысатын болады. Мәселен, жыл басынан бері ауылда 3 өрт оқиғасы тіркелген екен. Тілсіз жауды ауыздықтауда ауыл тұрғындарына серіктестіктің ерікті өрт сөндіру жасағы көмек беріп келген. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы “Аби-жер” ЖШС-нің жетекшісін табиғаттық және техногендік түрлі төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау жүйесін нығайту ісіне белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады. Ал ерікті жасақ мүшелеріне жауынгерлік киімдер табыс етілді.
(Өз тілшіміз).