Орал қаласында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында белгілі спорт журналисі, жазушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған ІІ республикалық спартакиада аяқталды. Оған барлығы 12 команда, 100-ден астам спортшы қатысып, шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, қол күресі, гір көтеру және шахматтан сынға түсті.
Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының меншікті тілшілерінен жасақталған “Хабар” телеарнасының құрамасы 187 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Ал “Хабардың” солтүстікқазақстандық меншікті тілшілері Айдарбек Балғабеков пен Нұргүл Ахметова қол күресі мен шахматтан жеңімпаз атанды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.