«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.11.2015

“НАННЫҢ КИЕСІ АТАДЫ” деген сөз ұмытылып бара жатқан жоқ па?..

Менің анам өткен ғасырдың отыз екінші жылындағы аштықты өз көзімен көрген адам болатын. “Сырымбет ауылында аштан өлгендердің мәйіттерін шанаға салып сүйретіп, көмуге әкетіп бара жатқан кісілерді өз көзіммен көрдім. Ал біздің отбасымыз Бәйкен ағатайымның Саумалкөл ауылында тұратын тамыр орысынан алып отырған картоптың арқасында ғана тірі қалды. Бір үзім нанға зар болдық. Сондықтан, балаларым, сендер дастарқанда …

“НАННЫҢ КИЕСІ АТАДЫ” деген сөз ұмытылып бара жатқан жоқ па?.. Read More »

САХНАДА – ПОЛЯКТАР

Петропавлдағы Достық үйінде “Коперник” поляк мәдениеті орталығы өкілдерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Польша Республикасының Тәуелсіздігі күні аясындағы “Алақандағы жүрек” поляк мәдениеті фестиваліне орайластырылды. – Солтүстік Қазақстанды мекен етіп жатқан поляктар, негізінен, жер аударылып келгендер. Олар – көпғасырлық тарихы бар Қазақстанның бір бөлшегі. Тыныштық ұялаған кең-байтақ Қазақстандағы түрлі этнос …

САХНАДА – ПОЛЯКТАР Read More »

“РАДЗІМА” – “ОТАН” ДЕГЕН СӨЗ

Петропавлдағы Достық үйінде “Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл” акциясы аясында өткен “Бір шаңырақ астында” фестивалінде облыста тұратын белорус ағайындардың ұлттық құндылықтары паш етілді. Біз “Радзіма” белорус мәдени орталығының төрайымы Мария Татаренконы осында кездестіріп, татулық пен достықтың бірегей институты саналатын Ассамблеяның қоғамдағы орны, этномәдени бірлестіктердің ұлт пен ұлыстарды ортақ мақсатқа жұмылдырудағы рөлі төңірегінде әңгімелескен едік. …

“РАДЗІМА” – “ОТАН” ДЕГЕН СӨЗ Read More »

КӨРКЕЙЕ БЕР, АУЫЛЫМ!

Қулыкөл ауылы – кіндік қаным тамған, балалық пен жастықтың қызықты күндері өткен аяулы мекенім. Зейнет жасына дейін ауылдағы шаруашылықта есепші болып қызмет атқардым. “Туған жердің түтіні де ыстық” дегендей, ауыл көркейсе, жаным жадырайды, жұтаса, көңілім құлазиды. Заманның ағымына қарай бүгінде ауылымызда біраз абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Биыл Қулыкөл ауылында көптен күткен балабақша ашылмақ. Бұл игі іске …

КӨРКЕЙЕ БЕР, АУЫЛЫМ! Read More »

ІСКЕРЛІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

“Бизнес тетігін ұстаудың ерте-кеші жоқ. Тіпті, зейнеткерлік қылтиып көріне бастаса да”, – дейді Аққайың ауданының 58 жастағы тұрғыны Айжан Жакеева. Айжан Бірлікқызы бизнеспен айналысуды бұрыннан көксесе де, соның бір ретін келтіре алмай жүргендердің бірі болатын. Десек те, сенімсіздіктің құрсауынан босап, діттеген ойын жүзеге асырмақ болған ол бүгінде нық қадам жасап, кәсіпкер атанды.

“ҮЙДЕН ҮМІТ ҮЗБЕҢІЗ…”

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалының ашылғанына – биыл 10 жыл. Осынау жылдар ішінде облыс тұрғындарының бірқатары үй-жайға қол жеткізіп, бақыт құшағында тербелді. Бүгінде аталмыш филиал өз жұмысын жандандырып, солтүстікқазақстандықтардың игілігі жолында аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда елімізде орын алып отырған қаржылай қиындыққа қарамастан, банк тың бастамалармен қуантуда. Ұлттық валюта күні қарсаңында аталмыш банктің …

“ҮЙДЕН ҮМІТ ҮЗБЕҢІЗ…” Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨМЕГІ ЗОР

Жыл басынан бері “Көршілер бақылауы” алдын алу бағдарламасының операторлары түрлі мазмұндағы 1300-ден астам қоңырау қабылдаған. Нәтижесінде 326 бұзақы жауапкершілікке тартылып, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау (66 хаттама), қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу (64), иттер мен мысықтарды асырау (64) және басқа да тәртіп бұзушылық бойынша хаттама толтырылды. Инспекторлар келіп түскен хабарларды тексеру барысында …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨМЕГІ ЗОР Read More »

ИГІ ШАРА

“Мен және менің полицейім” акциясы аясында тәртіп сақшылары тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйінің тәрбиеленушілерін атқа мінгізіп, серуендету шарасын жыл сайын ұйымдастырады. Биыл да Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы денсаулығы дімкәс балалар үшін иппотерапия курсын бастады. Шара көктем айларына дейін жалғасатын болады.

СУДЬЯЛЫҚҚА ТАЛАП ҚАТАҢ

Облыстық сотта өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында судьялыққа үміткерлердің кандидатуралары қаралды. Кеңес мүшелері болашақ судьяның іскерлік қабілетін, жеке басының қасиеттерін, соттың беделі мен абыройына нұқсан келтіретін жайттарды ескеріп, шешім шығарады.

ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ АҚЫЛЫН АЛҒАН ЖӨН

Соңғы жылдары құрылысы енді басталған тұрғын үйлерден бөліп-бөліп төлеу арқылы пәтер иеленетіндер қатары көбейген. Сатып алушы үшін мұндай тәсілдің тиімді екені белгілі, бірақ алданып қалмаудан сақтану жолдарын білгім келеді. Жақсылық БАЯЗИТОВ, Петропавл қаласының тұрғыны. Оқырман сауалына Петропавл қаласының жеке нотариусы Әсел Тастемірова жауап береді:

БІРАЗ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының бақылауындағы әскери бөлімдер мен мекемелерде тұрғын үй қатынастары туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша былтырғы және биылғы жылдың өткен мерзіміне тексеріс жүргізген еді. Нәтижесінде тұрғын үй комиссиясының жұмысында қолданыстағы заңнама талаптарының өрескел бұзылғандығы анықталды. “Әскери қызмет жөніндегі және әскери қызметшілердің мәртебесі жөніндегі” Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 2-бөліміне сәйкес әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз …

БІРАЗ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ Read More »

АУЫЛ МАЛЫМЕН АЖАРЛЫ

Тайынша ауданына қарасты Аққұдық ауылының тумасы, қара жолдың шаңын аспанға көтеріп, қора-қора мал айдап, аттың құлағында ойнап өскен қарапайым ауыл баласы Айдар Ілиясов те орта мектептің он бірінші сыныбын бітірісімен қатарластары сияқты қалаға қарай бет түзеді. Жоғары сыныптың бел ортасында жүргенде жанына маза бермей, ойына орала беретін заңгер болуды мақсат етіп, көршілес Ақмола облысындағы іргелі …

АУЫЛ МАЛЫМЕН АЖАРЛЫ Read More »

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

“Елу жылда – ел жаңа” дегендей, Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз, зайырлы, демократиялы ел деп жариялағалы бері саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада тұрақты дамып келеді. Осының нәтижесінде әрі заманның талабына сәйкес жаңашылдықтың жаршысы, өзгерістердің бастамасы болған реформалар жүзеге асырылуда. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосу үшін жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында, Стратегияларында, бағдарламаларында …

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ Read More »

МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН “МЫРЗАЛЫҚ” ЖАСАҒАН директор қатаң жазаға тартылады

Дүйсенбі күні мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Әділбек Мұқашевтің төрағалығымен облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда үш мәселе қаралды. Мамлют ауданының прокуратурасы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Думан Серғалиевке сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол берді деген кінә тақты. Өйткені, ол үстіміздегі жылғы 12 мамырда …

МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН “МЫРЗАЛЫҚ” ЖАСАҒАН директор қатаң жазаға тартылады Read More »

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ОҢ СЕРПІН

Солтүстік Қазақстан облысы, негізінен, аграрлық бағытты ұстанады. Жыл өткен сайын өңірдің агроөнеркәсіп кешені (АӨК) дамудың оң серпінін көрсетіп келеді. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында аграрлық сектордың үлесі 24 пайызды құрайды. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 200,9 млрд. теңгені құрады, ал табиғи индекстің көлемі (ТИК) 106,5 пайыз болды. Мемлекет …

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ОҢ СЕРПІН Read More »

АЗАМАТ – АҒАШ ШЕБЕРІ

Бала күнінен еңбек етудің маңызын тереңнен түсінген қызылжарлық Азамат Бекеев “Альфа-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ағаш шебері болып жұмыс істейді. Әріптестерінің айтуынша, құрылыс саласында төрт жыл бойы еңбек етіп жүрген ол – өз ісінің нағыз маманы. Ағашты өңдеп, жонып, түрлі құрылыс бұйымдарын, есік, терезе жасауды қолға алған жас жігіт бүгінде бұл істің қыр-сырын бір кісідей-ақ меңгеріп …

АЗАМАТ – АҒАШ ШЕБЕРІ Read More »