«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.11.2015

АЛЛАҒА АЙТЫЛСЫНШЫ МАДАҒЫМЫЗ

Алдымен аузыма алып Тәңірімді, Жыр жаздым оқысын деп жаны нұрлы. Бағаңды батпандай ғып жатсың, жұртым, Арттырып ата дінмен қадіріңді.

“ҚЫЗЫЛЖАР” МЕШІТІНЕ — 10 ЖЫЛ

Осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынып, тұрғындар игілігіне берілген облыстық “Қызылжар” орталық мешіті бүгінгі күні имандылық ордасына айналып, руханиятымыздың бағдаршамы іспетті дініміз бен дәстүріміздің дамуына елеулі үлес қосып отыр. Он жыл ішінде өңіріміздің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын сақтау жолында да қыруар жұмыс атқарылды. Мерейтой қарсаңында ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы, аталмыш …

“ҚЫЗЫЛЖАР” МЕШІТІНЕ — 10 ЖЫЛ Read More »

“ӨМІРДЕН ӨКІНІШПЕН ӨТЕР ЕДІМ, ТУҒАН ЕЛ МЕН КЕТКЕН СОҢ САҒЫНБАСА…”

Қарашаның 27-ші жұлдызында көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Кәкімбек Салықовтың дүниеден озғанына екі жыл болады. Көзі тірісінде-ақ Қызылжар, Көкше және Жезқазған өңірлерінің жырсүйер жұртшылығы: “Біздің Кәкімбек”, – десіп, өздеріне тарта таласып, есімін ерекше қастер тұтқан, поэзия әлемінің “Жезкиігі” атанған біртуар жерлесіміздің азаматтық асқақ рухы, соңында қалдырған мол мұрасы ақынжанды халқымызбен бірге жасай бермек. …

“ӨМІРДЕН ӨКІНІШПЕН ӨТЕР ЕДІМ, ТУҒАН ЕЛ МЕН КЕТКЕН СОҢ САҒЫНБАСА…” Read More »

ОРТАҚ МІНДЕТ

Өңіріміздің фармацевтері өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге өткізген “дөңгелек үстел” отырысына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары да қатысты. Алдымен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық департаменттің өкілдері коммуналдық сала нысандарындағы санитарлық жағдай жайында мәселе қозғады. Кейін облыстық құқықтық статистика және ақпараттық есеп бойынша прокуратураның аға прокуроры кездесуге қатысушыларды “Бизнес тірегі” интернет-порталымен таныстырып, кәсіпкерлердің құқықтарын түсіндірді.

АҚБЕРЕН

Желмая уақыт жүрісінен әсте жаңылмайды. Күнді күнге, айды айға, жылды жылға жалғап, зымырап өтіп жатыр. Кеше ғана арамызда ай маңдайы жарқырап, баршамызды даналығымен, даралығымен баурап жүрген, жүзі нұрлы, жүрегі сырлы, жаны жайсаң, көңілі жазирадай кең, ақылшы ағамыз Кәкімбек Салықовтың өмірден озғанына, асыл азаматынан айрылған Сарыарқаның сайын даласының жетімсіреп, қайғының қара шекпенін жамылғанына екі жылдың жүзі …

АҚБЕРЕН Read More »

ҰМТЫЛҒАННЫҢ ҰТАРЫ КӨП

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Лебяжье елді мекенінде тұратын Құнанбаевтар – ауқатты отбасылардың бірі. Олар ауылда дүкен ұстап, қосалқы шаруашылықтарын едәуір кеңейтіпті. Осының барлығына бас-көз болып жүрген Нұрәлі Қосманұлы қорадағы 15 бас ірі қараны, 20 жылқыны, 70 қойды уақтылы жайлап, артығын сатып, пұл етіп, ата-анасы мен екі баласын асырап отыр.

“ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ”

Егемен еліміздің жетістіктері мен жеңістері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегіне, сарабдал саясатына тікелей байланысты. Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстанымыз әлемдегі өркениетті мемлекеттердің көшіне қосылып, олармен иық теңестірер дәрежеге жетті.

ТАУДАЙ БИІК ТАБАЛДЫРЫҚ

Біздің “Кеммін деме, теңмін де!” деген тұрақты айдарымыз бар. Осы айдар ашылғалы мүгедектер өміріне қатысты материалдарды үзбей беріп келеміз. Осындай жігерлі жандардың бірі – “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігі басшысының орынбасары Сәлімхан Сәбитов. Өздігінен жүріп-тұруы қиын жандардың өзегін өртеген әңгімелерін тыңдап, олардың өтініш-тілектерін қоғамға, билік басындағыларға жеткізу үшін жоспарлы іс-шараларды ұйымдастырып, алыс-жақын аудандарға іссапарларға шығып жүрген Сәлімхан …

ТАУДАЙ БИІК ТАБАЛДЫРЫҚ Read More »

КЕЗЕКТІ СЫННАН СҮРІНБЕЙІК ДЕСЕК…

Бүкіл әлемді шарпыған дүниежүзілік қаржы дағдарысы біздің елімізді де айналып өтпеді. Ол бүгіннің өзінде ауыл шаруашылығында, жеңіл және ауыр өнеркәсіпте, ғылымда, өнерде болсын, өмірдің барлық саласында айқын сезіле бастады. Отандық сарапшылар қазіргі дағдарыстың зардаптары 2008-2009 жылдардағыдан да ауыр болатынын айтуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бұл дағдарыстың бірнеше жылға созылуы мүмкін екендігін, оны еңсерудің оңай …

КЕЗЕКТІ СЫННАН СҮРІНБЕЙІК ДЕСЕК… Read More »

ҰН ЖЕТКІЗІП, РАЗЫ ЕТТІ

Ақжар ауданының әкімі Серікбай Тұралинов жергілікті кәсіпкерлерге аудан тұрғындарының әл-ауқатына назар аударып, мүмкіндігінше көмек көрсету туралы үндеу тастаған болатын. Бастама қызу қолдау табуда. Жақында Жұмалы Нұрманов басқаратын “Талшық астық – ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Айсары ауылының тұрғындарына арзан бағамен ұн әкеліп сатты. Бұл кәсіпорынның жасаған игі шарасы дер кезінде және маңызды болды. Қақаған суықта аудан …

ҰН ЖЕТКІЗІП, РАЗЫ ЕТТІ Read More »

ТӘУЛІК БОЙЫ – ТАЗА СУ

Су берудегі іркіліс біздің сапалы өмір сүруімізге, бәрімізге қандай қиындықтар әкелетінін айтып жатудың өзі артық. Пески ауылындағы бұрынғы су мұнарасы мүлдем ескіргендіктен, қайта қалпына келтіруге келмейтін жағдайға жеткен болатын. Таратушы тораптардың жиі істен шығуы да, көп су шығынына жол беретін.

ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚ – ОРЫНДАЛАТЫН МАҚСАТЫМЫЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының сара жолын, Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатардағы озық 30 мемлекетінің қатарына қосылу мақсатындағы Тұжырымдамасын және “Мәңгілік Ел” ұлттық идеясын айқындап берген стратегиялық жағынан маңызды құжат. Бүгінгі әлемдік деңгейде қалыптасқан экономикалық дағдарыс пен саяси қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстан экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастырудың және дамытудың жолдарын іздестіру …

ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚ – ОРЫНДАЛАТЫН МАҚСАТЫМЫЗ Read More »