«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл мейрамы – қуанышты қарбалас, туған-туысқандармен, достармен риясыз жүздесулер, шадыман үміт кезеңі. Біз өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, болашаққа жоспар жасаймыз.

2015 жыл жарқын оқиғаларымен есте қалып, маңызды мемлекеттік жобалар мен бастамаларды жүзеге асырудың басы болды.

Аса маңызды саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. Елбасының анық жеңісі – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа халықтың көрсеткен жоғары сенімінің нәтижесі.

Бұл жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы сияқты маңызды тарихи оқиғалармен де есте қалады.

Өтіп бара жатқан жылда мемлекетімізді одан әрі дамытудың ауқымды бағдарламалық құжаты – Бес институттық реформаның “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру қолға алынды.

2015 жылғы 30 қарашада Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев іс-қимылдың нақты жоспары, елдің дамуының айқын басымдықтары көрініс тапқан “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына ұсынды.

Өтіп бара жатқан жыл Солтүстік Қазақстан облысы үшін серпінді де жемісті болды. Көздегендеріміздің көпшілігі жүзеге асырылды.

Аграршыларымыз мол астық жинап, Солтүстік Қазақстан облысының еліміздің негізгі астықты өңірі атануға құқығын тағы да дәлелдеді.

Жаңа балабақшалар мен мектептер, спорт нысандары ашылып, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Өңірімізде Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды, мұз айдыны және жеңіл атлетика манежі бар Спорт сарайы салынды, Петропавл қаласының әуежайы жаңғыртылды. Тұрғын үй-коммуналдық және жол-көлік инфрақұрылымдарын жаңғырту жөнінде көп жұмыс атқарылды. 2015 жылы өңірімізде жаңа кәсіпорындар пайда болды, жұмыс орындары құрылды.

Қымбатты жерлестер!

Барша солтүстікқазақстандықтардың еңбексүйгіштігі, жауапкершілігі мен туған өлкеге сүйіспеншілігі – облысымыздың барлық жетістіктерінің негізі.

Сіздерді Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Ол әр шаңыраққа бақыт, сәттілік, молшылық және құт-береке әкелсін!

Мейрамды туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңыздың ортасында шат көңілмен қарсы алуларыңызға шын жүректен тілектеспін!

Жаңа жылмен!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан

 облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp