«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРКІМНІҢ ҮЛЕС ҚОСУЫ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында қазіргі жаһандық күрделі жағдайдағы елдің нақты ахуалын, бағыт-бағдарын ашып көрсетті. Биылғы Жолдаудың бас­ты ерекшелігі – халықтың әл-ауқатын төмендетпеуге арналуында. Президент әрқашан халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтеруді көздейді. Жолдауда: “Біздің халқымыз ешқашан бү­гін­гідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жаб­дықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жал­пы халықтың тұрмысының, ден­саулығының түзелуі, саны­ның өсуінің нәтижесінде қазақстан­дықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады”, – деді.

Белсенді әлеуметтік саясат жалғасын таппақ. Ол туралы Елбасы Жолдауында: “Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады”, – деп атап өтті. Бұл, шын мәнінде, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау. Елбасы биылғы Жолдауында өз өмірін үлгі ете отырып, жас­тарға ой салатын ақыл айтуды да ұмытқан жоқ. “Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұ­мысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды”, – деген Елбасының сөзі қашанда үлгі-өнеге. “Адал еңбектің наны тәтті” деген осы болар. Расында да, жас­тар қашанда биікке ұмтылғаны жөн.  

Алдымызда үлкен дағдарыс, сын тұр. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, демекші әрбір тұрғын Елбасы тапсырмаларын орындауға өзіндік үлесін қосқаны абзал. Президент айтқандай, үнемшіл бола біліп, өз Отанымызда жасалған тауарлар мен азық-түлікті тұтынуға үйренуіміз керек. Жолдауға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың Отан алдындағы борышы деп білемін.

Сырым МҰХАМЕДИН,

Кеңес орта мектебінің

мұғалімі.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp