«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы белең алған дәл қазіргідей қысылтаяң заманда әрбір қазақстандық үшін кез келген дүниені үнемдеудің маңызы зор. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауы арқылы халықты үнемшіл болуға шақырды. Бүгінгі қалыптасқан экономикалық жағдайдың пайдасыз шығындарды көтермейтінін баса айтты. Жаңа Жолдауда “Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделген жоспар” екендігін жеткізген Елбасы өсім мен даму үшін атқарылатын кешенді іс-шараларды да нақтылап көрсетті.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауының басты мақсаты елдің береке-бірлігін нығайту болып табылады. Ол “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауда да көрініс тапты. Биылғы Жолдауды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында елдің әл-ауқатын жақсарта түсу жолына негізделген құжат десек те болады.  

Келе жатқан күрделі уақыттың біз үшін еңсеру кезеңі болатынын жеткізген Елбасы жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз деген сенім білдіре отырып, біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар Қазақстанымызды даму­­­­дың жаңа шептеріне шы­ғаратынымызды айтты.

Бұқара халықтың кө­кейінде көптен бері алаң­даушылық бар екені жасырын емес. Алайда, биылғы Жолдау көпшіліктің күдігін сейілтіп, қандай жағдайда да еңбек арқылы бірлесе отырып, дағдарысты ең­­серетіндігімізге көз жет­кізеді. Мемлекет басшысы ел халқына жолдаған дәс­түрлі Жол­дауы арқылы жұрт­шы­лық­ты мазалаған мәсе­ле­лерге сенімді жауап берді. Дағдарысқа қарамастан, әлеуметтік міндеттемелердің толық­қанды орындалатындығына тоқ­тал­­ды. Атап айтқанда, 2016 жылдан бас­тап денсаулық сақтау, білім саласы және “Б” корпусының мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы орта есеппен – 30 пайызға, ал әлеуметтік қамтамасыз ету 40 пайызға артады. Жоғары жалақы, шәкіртақы, білім берудің жаңа жүйесі – барлығы жастардың болашаққа деген сенімін арттырды.

Ел Президентінің ұсынысы бойынша 2017 жылдан бастап “Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасы іске қосылмақ. Яғни, мұндай жоба арқылы Қазақ­стан жас­тары толық­қанды жұмыспен қамта­масыз етілетін болады. Бұл, әсіресе, еліміздің болашағын техника саласымен байланыстырғысы келетін өрендер үшін жағымды жаңалық болды. Елбасы жастарға жұмысшы мамандықтарын меңгеруге бағыт берді. Мұның жастар үшін өмірлік тәжірибе ретіндегі маңызы зор екендігін айтып өтті. Жалпы ел Президенті жұмысшы мамандығы туралы бұрыннан шегелеп айтып келе жатыр. Осындай зор мүмкіндікті пайдалана отырып, жас мамандар ел өндірісінің өркендеуі үшін ерінбей еңбек етсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Жолдау қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында жұмыс істеу­ге жол бастаушы болды. Әрі Бес институттық реформаны жүзе­ге асыруға арналған “100 нақты қадам” Ұлт жоспары айқындап берген жұмыстарды ел мүддесіне жұмсауға бағытталды.

Елімізде кәсіпкерлікпен айналысып, табыс табуға мүмкіндік жасалған. Тек оны дұрыс, ретімен қолдана білу керек. Қазақ елінің ішкі мүмкіндігі қандай қиындықты да еңсеруге жетеді. Дегенмен, әрбір ел азаматы бүгінгі күні өзіне мақсат қойып, жоспар құра білуі тиіс. “Мен елім үшін не істеймін?” деген сауалды жиі қойып, оған жауап бере білуі қажет.

Санаулы сағаттардан кейін 2016 жылға қадам басқалы тұрмыз. Осы Жаңа жылдың қарсаңында ал­дағы жаһандық дағдарыстың елімізге ти­гізер қаупін сейілту мақсатында Елбасы баршамызға жаңа міндеттер жүктеп, жаңа тапсырмалар беріп отыр. Жаңа Жолдауда Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлем­дегі ең дамыған 30 мемлекеттің қата­рына қосылып, бай да қуатты елдер­мен иық түйістіру екенін атап көрсетті. Бұл үшін болашақтың бағбандарына баланған жастардың да қосатын үлесі зор. Әрбір жас азамат ел ертеңін, мемлекет мүддесін бірінші ойлап, сол үшін жұмыс істесе, кемел келешекке жетеміз.

Рауан БОСТАНОВ,

Петропавл қаласы прокуратурасының

бөлім бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp