«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.06.2016

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласының үстіміздегі жылы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан медициналық мекемелерін аралады.

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры Арман Нұртазин Полудино балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Бұл шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпал ету болып табылады.

Велосипедіңізге сақ болыңыз

Соңғы уақытта облыс орталығында велосипед ұрлығы жиілеп кетті. Жақында қала тұрғыны велосипедін дүкен жанына қойып, ішке қажет затын алуға кіреді. Осыны аңдыған ұры екі дөңгелекті көлікті сол мезетте мініп кеткен. Алайда, ол көп ұзамай полицейлердің жедел-іздестіру шаралары кезінде құрықталды.

Қару тапсырып, өтемақы ал!

Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылының тұрғыны иір ұңғылы тапанша тауып алып, оны уақыт оздырмай бірден полиция бөліміне әкеліп тапсырды.

ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҚТЫ

Заңсыз сауда-саттықпен айналысқан кәсіпкер ұсталып, жегені желкесінен шықты. Оның өзі де тойымсыз, көзі де тойымсыз екенін жасаған қылығынан аңғарасың. Оңай жолмен ақша табуға болады деп ой түйген ол қолында алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме, бөлшек саудаға шығарып сатуға және этил спиртін айналымға шығаруға лицензиясы жоқ болғанына қарамастан, Ресейге барған да, белгісіз біреулерден контрафактілік алкоголь өнімдерін сатып …

ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҚТЫ Read More »

АНАЛЫҚ АҚ КӨҢІЛМЕН

Қазақтың көрнекті ақындарының алдыңғы қатарынан ойып тұрып орын алған, өзіне Тәңір бұйыртқан талантымен елге танылған жұбайым, шаңырағымның шаттығы, балаларымның бақнұры, Есіл өңірінің еркелеген ақтұмасы іспетті Есләм Зікібаев топырақтан тысқары болса, осы маужыраған маусымның алғашқы күндерінде аламан бәйге шаптырып, балуан күрестіріп, Есіл ауданындағы “Өрнектің” бойында күй күмбірлетіп, ән шалқытып, 80 жасқа толған тойын думанға айналдырар еді …

АНАЛЫҚ АҚ КӨҢІЛМЕН Read More »

КІТАПТАН АСҚАН СЫЙЛЫҚ ЖОҚ

Еліміздің өміріндегі елеулі оқиғалардың мән-маңызына ой жүгірткенде, үнемі адамның сана-сезіміне үлкен әсер ететін рухани ұмтылыстардың алатын орны ерекше екенін пайымдайсың. Мысалы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұйытқы болып, “Кітапханаға кітап сыйла!” акциясын қолға алғаннан кейін мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар осынау рухани шараға үн қосып, оқырмандар ордаларын азаматтарға қажетті әдебиеттермен толықтыруға кірісті.

АҚИҚАТПЕН ҮНДЕСКЕН, ШЕЖІРЕМЕН ТІЛДЕСКЕН

2010 жылдың 26 мамырында петропавлдық ақын, көсемсөзші, Қазақстанның құрметті журналисі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығының иегері Владимир Георгиевич Шестериков қайтыс болған еді.

БӘРІ ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы “Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ” Жолдауында еліміздің әлемнің 30 дамыған елінің қатарына ену міндетін қойды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар қызметінің деңгейін көтеру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттігі туындайды.

ҚАРҚЫН ЕРЕКШЕ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, соңғы 2,5 жылдың қорытындысын шығарды. Осы кезеңде кәсіпкерлерден 9 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 4 мыңға жуығы құқықтық мәселелерге байланысты. Салықтық әкімшілдендіру, бақылау-кассалары машиналарын, мәліметтерді беру құрылғысы мен техникалық қамсыздандыру мәселелері бірінші орында тұр. Кәсіпкерлердің өтініштерінде жер қатынастары, табиғи монополиялар салаларындағы өзекті мәселелер де жиі көтеріледі.

МЕМЛЕКЕТ ДЕМЕУІ ДЕМ БЕРДІ

“Даму” қорының өңірлік филиалы “Бизнестің жол картасы – 2020” кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауын көрген солтүстікқазақстандық төрт кәсіпорынға баспасөз турын ұйымдастырды.

Қызылжардағы полицейлер слеті

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ішкі істер органдары қызметкерлері мен тәлімгерлерінің слеті өтті.

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ОФИЦЕР!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Петропавлдағы Әскери институты биыл түлектерін он алтыншы мәрте қанат қақтырып отыр. Осыған орай институтта өткен салтанатты шара барысында 170 жас офицерге диплом тапсырылды. Олардың тоғызы – Қырғызстанның, алтауы – Тәжікстан Республикасының азаматтары.

ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды

Өскеменде Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы бірқатар өнеркәсіп нысандарына барды. Олардың алғашқысы – бериллий, тантал, уран сияқты сирек кездесетін металдарды өңдейтін, тасымалдайтын және сақтайтын Үлбі металлургия зауыты. Кәсіпорын меймандарға электронды өнеркәсіпте қолданылатын ең жаңа, көпбейінді конденсаторлы ұнтақтар өндірісінің технологиялық желісін көрсетті.

Қаһарман — халық арасында

Өз басын тәуекелге тігіп, қиындыққа тап болған адам өмірін арашалап қалуда ерлік көрсеткен бейбіт күннің батырлары қашанда халық құрметіне ие болмақ. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрындағы “Халық қаһарманы” Қайрат Үмбетовке құрмет көрсетуге орай өткен салтанатты шара осының айғағындай. Оған жиналған облыс және қала басшылығының өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, әскерилер мен қала тұрғындары полковник …

Қаһарман — халық арасында Read More »