«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.06.2016

БАТЫЛДАН АЖАЛ ҚАЙМЫҒАДЫ

Батылдық, қайсарлық секілді қасиеттер қиын сәттерде адам өміріне араша түсетін ізгі мамандық иелеріне тән. Тәртіп сақшылары да қым-қуыт жұмыс барысында ерлік жасап, көпшіліктің ілтипатына бөленіп жатады. Жақында полиция қызметкерлері Арман Тасжанов, Нұрсұлтан Дәуренбеков, Медет Сәрсекеев, Аслан Белгібаев 19 жастағы облыс тұрғынын ажал аузынан алып қалды.

САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫНДА ТІЛ ҮЙРЕНЕДІ

Мектеп оқушылары жазғы демалысты әр кез асыға күтеді. Осыған орай Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің жанында бастауыш сынып оқушыларына және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілеріне арналған “Солнышко” жазғы сауықтыру алаңы құрылды. Онда балалардың демалуы мен сауықтырылуына, жас ерекшеліктеріне қарай шығармашылықпен айналысуларына, бос уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндік жасалған.

АҚ ХАЛАТТЫЛАР САЙЫСЫ

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Медициналық ұжымдар қызметкерлерінің жылдамдықтары, ептіліктері мен күштері сынға түскен сайысқа бас дәрігерлерден бастап олардың балаларына дейін қатысты. Тартысты додада жалпыкомандалық есепте облыстық медициналық жедел жәрдем орталығының қызметкерлері топ жарды.

ҮЗІЛГЕН ҮМІТ

Күлтай Айкина, 75 жаста: “Мамық төсек салайын, Құшағыма алайын. Қозым менің ұйықтасын, Арқасынан қағайын”, – деп әндетіп отырып, тәтті ұйқыға кеткен ұлымның жүзіне көзім тоймай қарадым. Пыс-пыс еткен мұрнынан ернімнің ұшымен сүйіп едім, құмарым қанбай қалды. Денесін ауыртып алмайын деп еппен бауырыма басып, шашынан иіскеп біраз отырдым. “Бала бауыр етің” деген осы екен-ау. “Алла жазса, …

ҮЗІЛГЕН ҮМІТ Read More »

ҚАЗАҚША ОҚЫҒАНДАР — БІЛІМДІ Оларға мемлекеттік білім беру гранттары да әділ бөлінуге тиісті

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында іссапарда болып, бір кезде өзім оқыған №2 Кішкенекөл орта мектебінің ұжымымен кездескенімде осы білім ордасының бүгінгі басшысы Тұрлыбек Оспанов соңғы жылдары кейбір жергілікті ағайындардың балаларын орыс сыныптарына беріп жатқандықтарын ренішпен айтқан еді. Өйткені, олар: «Қазақ тілінде білім алған түлектерге жоғары оқу орындарына түсу үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттары …

ҚАЗАҚША ОҚЫҒАНДАР — БІЛІМДІ Оларға мемлекеттік білім беру гранттары да әділ бөлінуге тиісті Read More »

Еңбек ету — бір бақыт

Мен Бұлақ ауылында туып-өстім. Дәрігер болуды бала кезден армандадым. Ақыры алдыма қойған мақсатыма ұмтылудың арқасында ол шыңға да қол жеткіздім. Қазақстан-Ресей медициналық университетінде жеті жыл оқып, туған өлкеме оралдым. “Дипломмен – ауылға!” мемлекеттік бағдарламасы арқасында аудан орталығы Явленкадағы емханаға жұмысқа орналастым.

НАНЫ ДӘМДІ, ТОҚАШЫ ТӘТТІ

Өз кәсібін дөңгелетіп, еліміздің экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырған іскер азаматтар саны күн санап көбейіп келеді. Заман ағымымен алға басып, отбасылық бизнестің басы-қасында жүрген аяулы жандардың бірі – Ольга Коптева.

Қыз — ырыс, ұл — қоныс

“Балалы үй – базар” деп халық тегін айтпаған. Шаңырағы шуаққа бөленіп, сәбилердің күміс күлкісімен көмкерілген өнегелі отбасылардың бірі Тауағаш ауылының тұрғындары – Жәнібековтер әулеті. Жеті баланы өмірге әкеліп, қатарынан қалдырмай, оқытып, қазақы тәрбиеден сусындатып отырған ерлі-зайыпты Ерік пен Бақшагүл – демографиямыздың өсуіне сүбелі үлес қосып отырған жандар. Жарасымды жұп отбасы бақытының кілті өзара сыйластықта, татулықта, …

Қыз — ырыс, ұл — қоныс Read More »

ГҮЛДЕНУ МЕН ДАМУ ЖОЛЫНДА

Тәуелсіздік. Бұл сөз бақытты тағдырымыздың, жаңа тарихымыздың шыңының, Қазақстан халқының жеңістері мен жетістіктерінің, қазақ жерінің жаңаруының символы іспеттес.

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Есіл ауданының Волошинка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Перепечаевке құрмет көрсетіліп, көмек берілді.

Жастарға

Ергендер өзге жұрттың айтағына, Залалын жауыздықтың байқады ма? Араға іріткі салған сол қаскөйлер Жөн сілтеп, шын ниетін айтады ма?

САБЫРЛЫҚ ТІЛЕЙМІЗ

Елімізде лаңкестер ұйымдастырған қайғылы оқиға – дінімізге, салтымызға, заңымызға қарсы жасалған қылмыс. Дін атын жамылған лаңкестердің іс-әрекеттері шариғат тұрғысынан үлкен күнә болып саналады. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында зорлық-зомбылық жасау – біздің дінімізге қарсы келу. Еліміздің бірнеше азаматы бұл қылмыстың құрбаны болды. Ислам діні мұндай әрекеттерге жол бермейді және кісі өлтіру үлкен күнәға жатады.

“МЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫМЫН”

Осыдан жиырма бес жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін жариялаған уақытта дүние есігін ашқан сәби бүгінде болашақтың кілтін қолына ұстаған егемен елдің еркін азаматына айналды. Тәуелсіздіктің құрдастары өмірдің сан алуан саласында жемісті қызмет етуде. Олардың арасында болашақтарын мемлекеттік қызметпен байланыстырған жастар да аз емес. Кеше С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жас мемлекеттік қызметшілер арасында “Мен Тәуелсіздіктің …

“МЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫМЫН” Read More »

ӘУЕЖАЙДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСУДА

Петропавл халықаралық әуежайында жолаушылар терминалын күрделі жөндеуден өткізу, заманауи құралдармен жабдықтау және ұшу-қону алаңын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов әуежайды жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, ұшып-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қалпына келтіруді жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды.

ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Облыстық балалар ауруханасының патология және күні жетпей туған сәбилерге арналған бөлімшесінде дамуында ауытқуы бар бір айға дейінгі жаңа туған сәбилер жатады. 32 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанға биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Аталмыш бөлімшедегі және №2 қалалық емханадағы жөндеу жұмыстарының барысымен облыс әкімі Ерік Сұлтанов танысты.

Қысқа әзірлік басты назарда

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында алдағы қысқы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Петропавл қаласын жылумен және сумен қамтамасыз етіп отырған төрт кәсіпорынның басшылары облыс әкімі Ерік Сұлтановқа атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Әсем Қалашбайқызы Рахметова Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.