«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.06.2016

АРАМ ПИҒЫЛДАРЫ ІСКЕ АСПАДЫ

Алаяқтардың ойлап таппайтыны жоқ. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылының бірнеше тұрғыны Қытай елінде шығарылған арзан әрі сапасыз биореттегіш құралын 19 мың теңгеге сатып алып, алданып қала жаздады.

БАҚ СЫНАМАҚ

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасына қабылданудан үмітті 309 спортшы дайындалуда. Бұл саңлақтардың үштен бірі Алматы қаласының атынан өнер көрсетпек.

Жеңістің жолы жеңіл ме?!

Францияда футболдан Еуропаның кезекті чемпионаты өтуде. Оған алты топқа бөлінген 24 құрама қатысып, құрлық кубогы жолында бәсекеге түсті.

ТОҒЫЗ ЖЫЛДА ЖЕТПЕГЕН ЖЕТІСТІК

Өткен жылы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен ашылған “Барыс” баскетбол клубы жоғары лиганың ерлер командалары арасындағы XXIV ел біріншілігін сәтті аяқтады.

МАРГАРИТА МҰҚАШЕВА

Бразилиядағы Рио-де-Жанейрода басталатын Олимпиада ойындарына жолдама алған солтүстікқазақстандық спортшылардың қатары жеңілатлетші Маргарита Мұқашевамен толықты.

Екатерина ЭКТОВА: “МАҚСАТЫМ — АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒУ”

Төртжылдық циклды жарыстың кезекті кезеңі – Рио-де-Жанейро Олимпиадасы жақындаған сайын солтүстікқазақстандық спортшылар арасында жолдама алғандардың саны арта түсуде. Қызылжарлық спортсүйер қауымның көңілін тасытқандардың бірі – жеңілатлетші Екатерина Эктова. Тамыз айында Олимпиада алтыны үшін күрескелі отырған саңлақ спортшымен сұхбаттасудың сәті түсті.

… ЕТІНІҢ КІРІ — ДӘУЛЕТІ

Соңғы уақыттарда осы бір оқиға ойымнан шықпай, қолыма қалам алуға итермелей берді. Айдардың тақырыбын да толғандым. “… етінің кірі – дәулеті” деген кеше болып, бүгін жұрнағы да қалмаған байлықты ұқтырады ғой. Соған орай ой желісі де тарқатылды.

НАМЫСТАН ЖАРАЛҒАН АЗАМАТ

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қаламы қарымды журналист, ұлтжандылығымен “ұлтшыл” атанған абзал азамат Өмір Есқалимен ең алғаш 1990 жылы сырттай танысқан едім. Өзге ұлттар басым тұратын теріскейде Супрунюк, Ачкасов сияқты айтаққа ерген мүшелері бар шовинистік, экстремистік топтар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына өршелене қарсы шығып, арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысып баққан. Осы тұста республикадағы алғашқы тәуелсіз …

НАМЫСТАН ЖАРАЛҒАН АЗАМАТ Read More »

ЛАҢКЕСТІК ҚАУІПТІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

Лаңкестік актісі қатерінің туындауы туралы халықты ақпараттандыру мақсатында лаңкестік қауіптіліктің бірқалыпты (“сары”), жоғары (“қызғылт сары”) және шекті (“қызыл”) деңгейлері орнатылуы мүмкін. Бірқалыпты деңгейде мынадай іс-әрекеттер ұсынылады:

ҚОЛБАЙЛАУ БОЛҒАН ҚАУЛЫ

Фармацевтика саласында күрделі мәселе көп, соның бірін петропавлдық Зәуре Құрманбаева көтеріп жүр. Дайындалатын дәрі-дәрмектің сапасын сараптауға қатысты туындаған қиындықтар туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы өткізген кезекті брифингте айтылды.

ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢ, ЖОБАҒА ҚАТЫС

“Нұр Отан” партиясының жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, өрендердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына көмектесу бағытындағы “Сәтті қадам” жобасы төрт жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның басты мақсаты екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар мен түлектерді кәсіпорындар мен мекемелерде тағылымдамадан өткізу арқылы жұмысқа орналастыру болатын. Алайда, оның нәтижесі көңіл көншітпегендіктен, үстіміздегі жылы жобаның бірқатар ережелеріне өзгертулер …

ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢ, ЖОБАҒА ҚАТЫС Read More »

ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ

Ел Тәуелсіздігінің 25 және Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы мерекеленетін мерейлі жылы өңіріміздің білім мекемелерінен 3684 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында терең білімімен, ақыл-парасатымен, еңбекқорлығымен жоғары нәтижеге қол жеткізіп ерекшеленген 123 жұлдызды түлекті облыс әкімі Ерік Сұлтанов салтанатты түрде құттықтады.

ӨМІР СОНШАЛЫҚТЫ АРЗАН БА?!

Жуырда таңғы сағат сегіздер шамасында Петропавл – Мамлютка тасжолындағы Есіл өзенінің үстіне салынған көпірмен өтіп жатқан көлік жүргізушілері жантүршігерлік оқиғаның куәсі болды.

БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН ФЕСТИВАЛЬ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында ел Тәуелсіздігінің – 25 және облыстың 80 жылдығына орай орыс мәдениетінің фестивалі өтті.

ЖҮРЕГІ НҰРЛЫ БҰЛ ЖАНДАР!

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өңір басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен Медицина қызметкерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Гиппократ антына берік ақ халатты абзал жандар құрметке бөленген шарада облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін бір топ азамат марапатқа ие болды.

Қолы жеңіл оташы

Азамат Мәуленов – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасының тәжірибелі оташыларының бірі. Ол көптеген науқастың өмірін ажалдан арашалап, алғысқа бөленуде. Қолы жеңіл оташының біліктілігін жоғары бағалайтын көпшілік дертке дауа іздеген сәтте шалғай ауылдардан келіп, көмек беруін өтінеді. Ондай жағдайда білікті маман әрдайым қол ұшын беруден тартынған емес. Жақында ел құрметіне бөленген тәжірибелі дәрігер-оташымен тілдесудің сәті …

Қолы жеңіл оташы Read More »

АЛЛЕРГИЯНЫҢ ДА ЕМІ БАР

Көктем-жаз айлары басталысымен аллергия өрши түседі. Емханаға шағымданып келгендер арасында шөп және өсімдік тозаңының әсерінен созылмалы маусымдық аллергия ауруына тап болғандар жиі кездеседі. Ринит, бронх демікпесі және көз қарығуы диагнозы бойынша емдеу шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, соңғы уақытта поллиноз кеселінің де ушығуы жиі байқалуда.

Медициналық сақтандыруды енгізу — уақыт талабы

Сарапшылар ел ішінде медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Осыған орай барлық өңірлерде, сондай-ақ, біздің облыста кең ауқымды акциялар ұйымдастырылуда. Құрамына денсаулық сақтау жүйесінің жетекші мамандары мен аумақтық департаменттер басшылары кіретін арнайы жедел топтар аудандарды аралап жүр. Олар бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне арнап семинар, лекциялар ұйымдастыруда.