«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.06.2016

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖӘРДЕМ, ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ ДЕМЕУ

Петропавлда облыс аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері, қалалық мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінің мамандары, сондай-ақ, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдері «Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, ақпарат-түсінік жұмыстары бойынша республикалық штабтың мүшесі Жұмағали Исмаиловпен кездесті.

ТАЗА АУАДАҒЫ ОҚЫРМАНДАР ОТАУЫ

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы соңғы жылдары оқырмандар отауының тап алдында кітаптарды жаймаларға орналастырып, жұртшылықтың назарын еріксіз аударуды қолға алды.

МАШЫҚТАНБАҒАН ЗИЯН ШЕГЕДІ

Өрт сөндіруге машықтану керек. Осы мақсатпен Петропавлдағы жүйкесі зақымданған аурулардың интернат-үйінде «шыққан өртті ауыздықтауға» облыс орталығының өрт сөндіру қызметінің жасақтары келіп жетті. Мұндағы жағдай анық өртке ұқсас болды.

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚУ «ҚОНАҚТАР»

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында бір аляқтардың сапасыз тауарлар сатып, жұртшылықты қаратақырға отырғызып жүргені белгілі болды. Аляақтар Қытайда жасалған медициналық аппараттарды көпірте мақтап, «Маңғыт, аузыңа саңғыттың» сыңайын жасаған. Ақыры, полицияның учаскелік инспекторы, майор Сәбит Әшетов қуларды құрықтаған. Олар көрші Қостанай облысынан келгендер болып шықты.

ҰШҚАН ҰЯ ЫҚЫЛАСЫ

Маусымның жиырмасыншы жұлдызында «Егемен Қазақстанның» Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, елімізге белгілі журналист Өмір Есқалидің 60 жасқа толуына орай облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында мерейтой иесімен кездесу болып өтті.