«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.06.2016

САПАҒА ШАҒЫМДАНУШЫ ЖОҚ

Қызмет көрсетудің сапасын арттыруда қоғамдық мониторинг жүргізіп, тұтынушылардың көңіл-күйін біліп отырудың маңызы зор. Осыған орай облыстың бір ауданының 150 тұрғыны мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау, өзекті мәселелерді анықтау және бизнес-процесті жетілдіруге ұсыным әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған әлеуметтік зерттеу сауалнамасына қатысты. Олар мемлекеттік қызметке тиісті өздерінің көзқарастарын білдірді.

ЫРЫС БҰЛАҒЫ — ЕҢБЕКТЕ

Ата-бабасының кіндік қаны тамған туған жерге Ыбырай Ошанов 2001 жылы Өзбекстаннан қоныс аударған. Бүгіндері ол Явленка ауылында тұрып жатыр.

Тарихи демалыс

Оқушылардың жазғы демалыстарын көңілді өткізулері үшін облысымызда жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім мекемелерімен қатар мәдени ошақтарда да кішкентайлар үшін түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Тәрбиелік мәні зор кездесулерді өткізіп, балаларды тарихпен тоғыстыру жұмыстарына облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің қызметкерлері де белсене қатысуда.

БАСПАСӨЗДІҢ ЫҚПАЛЫ ЗОР

Петропавлдағы Достық үйінде “Дін және БАҚ” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптардың жариялануы, материалдардағы ақпараттың ақиқаттығы және тағы басқа өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.

ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем елдері арасында 9-орында. Ата-бабамыздан мирас болып қалған осынау қасиетті жерімізді көзіміздің қарашығындай сақтау – кейінгі ұрпақтың парызы.

ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН

Адам баласы дүние есігін іңгәлап ашқан сәтінен бастап, тағдырына жазылған өмірдің қуанышқа толы кездері мен тар жол, тайғақ кешулері алма-кезек бастан өтіп отырады?! Біреулер ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге талпынса, кейбір адамдар маңдай терлерін төгіп, еңбек етіп, қоғам дамуына өз үлестерін қосады.

МАЙДАНГЕР ШАҢЫРАҒЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ

Биыл Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай облысымызда түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық ардагерлер кеңесінің және аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Сопконың шаңырағында болып, 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Майдангерге жылы лебіздерін арнай келген меймандар аудан әкімі Владимир Дудовтың құттықтау хатын …

МАЙДАНГЕР ШАҢЫРАҒЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ Read More »

БІЗДІҢ ЗОЯ ӘЖЕЙ

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз үлкен белестерді бағындырды. Бұл жетістіктердің артында талай адамның өмірі мен ерен еңбегі жатыр. Кезінде тағдырдың жазуымен қазақ жеріне табан тіреген талай жанның “Қазақстан – елім! Өрісім кеңейген мекенім!” – деген сөзін жиі естиміз. Солай ойлайтындардың бірі – Зоя Юхновец.

ҚАРИЯЛЫ ЕЛ — ҚАЗЫНАЛЫ

Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт халқы серпінді жаңа кезеңде өмір сүрудеміз. Әлем елдерімен иық теңестіре білген жас мемлекеттің жеткен жетістігі аз емес, бірақ біз бағындырар әлі талай белес бар. Тәңірден берілген тәтті сыйымыз – Тәуелсіздіктің арқасында салт-сана, ұлттық дәстүр, мәдениетіміз жаңғырып, ана тіліміздің мәртебесі артты.

АУЫЛ — ЕЛДІҢ АЖАРЫ

Бодандық қамытын шешіп, Тәуелсіздікке қол жеткізген кез менің есімде. Ол тұста жасым 27-де болатын. Оқу бітіріп, Ақсуат ауылы мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Еңбек әліппесін енді ғана ашқан маған сол уақыт ерекше есте қалатын оқиғалармен айшықталады.

ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Мемлекет басшысының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 33, 34-ші қадамдарында өмірде жаза басып, заң талаптарын бұзып, қылмыскер атанғандардан теріс айналып, кеудеден итеру арқылы жақсылыққа жете алмайтынымыз айтылған. Сондықтан бүгінгі күні еліміз бойынша құқықтық саясатты ізгілендіру мақсатында темір торға қамалғандар проблемасы, оларды ұстау, еңбекпен түзеу шаралары, бостандыққа шыққан соң өмірге қайта бейімдеу, жұмысқа орналас­тыру, олардың тәртібін …

ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ ІЛКІМДІ ІСТЕР Read More »

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ

Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – 23 маусым күнін табыстармен қарсы алуға ұмтылуда. Осы күнге орай облыс аудардарында тәртіп сақшыларын марапаттап, үздік бөлімдерге тарту жасалып жатыр.

ӨНДІРІСТЕ ӨСІМ БАР

Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің ақпаратында айтылғандай, үстіміздегі жылдың бес айының қорытындысы бойынша өңірдің тағам, жеңіл және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өндіріс көлемін ұлғайтқан.

“Ашық есік күні”

2016 жылғы 23 маусым күні ішкі істер органдарының бөлімдерінде Қазақстан полициясы күніне орай бірыңғай “Ашық есік күні” өтеді. Тәртіп сақшыларының қызметіне қызығушылық танытқандар болса таңертеңгі сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін ішкі істер департаментінің мұражайына (Қазақстан Конституциясы к-сі, 70), кинологиялық қызмет орталығына (4-ші Кірпішті к-сі, 31а), жергілікті полиция қызметіне (Володар к-сі, 18) және аумақтық полиция пункттері мен …

“Ашық есік күні” Read More »

Табиғаттан шабыт алған

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Вячеслав Смирновтың жеке көрмесі өтті. “Туған өлкеме арнаймын” атты экспозиция облысымыздың 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Үшжақты келісім жасалды

Облыс педагогтері химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосып, секциялық кеңес өткізді. Шара аясында шығармашылық алаңдар, “дөңгелек үстелдер” ұйымдастырылып, заманауи мектептің тәжірибесі ортаға салынды.

Жиһангез

Жуырда Жамбыл ауданынан іссапардан келе жатқанда Петропавлға кіреберіс тұста алматылық саяхатшы Сергей Бондаренконы кездейсоқ кездестірдік. Осыған дейін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған жігітті жазбай танып, тілдесуді жөн көрдік.

БЕРЕКЕ БІТКЕН “БЕКЕТ”

Ақжар ауданына қарасты Дәуіт ауылының жанында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңы анадайдан көз тартады. Жаңадан салынып жатқан ғимаратта 600 бас ірі қараға арналған тауарлы-сүт фермасы болмақ. Құрылыс нысанында ауылдың 20 тұрғыны еңбек етуде. Өз тәжірибелері мен канадалық үлгіні қатар меңгеріп алған олар өңіріміздің ауа райына қолайлы қора салып шығамыз деп отыр. Биыл кешеннің екі ғимаратын іске …

БЕРЕКЕ БІТКЕН “БЕКЕТ” Read More »