ЕЛ СЕНІМІН АҚТАУ – АБЫРОЙ
Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шаралар өткізіліп, өңір басшысы Ерік Сұлтанов әріптестерін мерекемен құттықтады.
Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шаралар өткізіліп, өңір басшысы Ерік Сұлтанов әріптестерін мерекемен құттықтады.
Петропавлдан 100 шақырымдай жерде қой жайып жүрген шопан жануарлардың опат болуына себепкер болды.
Еліміз егемендік алып, жас мемлекетіміз қарышты қадаммен алға басқан жылдар ішінде ауыл-аймақтың жағдайы жақсарып, әр салада қарқынды даму байқалады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында қол жеткізген жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, мүмкіндікті мүлт жібермей, еңбегімен ерекшеленіп жүрген ер-азаматтарымыздың әрқайсысы өз алдына бір төбе. Жарқын болашақ үшін аянбай жұмыс істеп, өзінің қара басын ғана емес, …
Биылғы мамыр айының басында Уәлиханов ауданында іссапарда болып, сайлаушылармен кездесулер өткізген кезімде “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Маржан Латыпова көршілес Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының екі елдің мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісім күшінде екендігіне қарамастан, қазіргі уақытта шекараны жеңілдетілген тәртіппен кесіп өту орындарында қазақстандық азаматтардың құжаттарының аталмыш …
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаевпен кездесіп, әңгімелескен едік. – Әңгімеміздің әлқиссасын мемлекеттік қызметті жаңғырту бағытындағы жұмыстардан бастағанымыз жөн болар.
Еліміздің егемендікке қол жеткізіп, еңсесін тіктегеніне биыл 25 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстан тамырын тереңге тартып, жапырағын жайқалтқан мәуелі бәйтерекке айналды десем, артық айтқандығым болмас. “Тәуелсіз Қазақстан” деген сөзді ести қалсам елең етіп, жүрегіме мақтаныш, қуаныш сезімдері ұялайды. Өйткені, мен барша қазақстандықтар үшін қасиетті саналатын егемендіктің төл перзентімін.
Облыс орталығындағы “Жастар” стадионында өңір өрендерінің қатысуымен қоғамның індетіне айналған нашақорлыққа қарсы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл игі шара жастарды синтетикалық есірткілердің жаңа түрлерінен келетін қауіптен сақтандыруға, өрендердің бойына саламатты өмір салтын ұстану қағидатын қалыптастыруға бағытталды.
Сабыржан Придонов жастайынан би өнеріне құштар болып өсті. Бірақ ол болашақта балет әртісі боламын деп ойлаған жоқ еді.
Өңіріміздің мәдени өмірінің өрістеуіне үлес қосып жүрген өнер ордасының бірі – С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры. Құрылғанына он бес жылдан асқан жас театр осы уақыттың ішінде бірқатар белестерді, айтулы асуларды бағындырды. Өнер ұжымының осындай жетістіктеріне актер Асылхан Рәзиевтің қосқан үлесі зор. Тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбек жас актердің өнер айдынында еркін жүзуіне мүмкіндік …
Мен Қызылорда облысының тумасымын. Қатарластарыммен бірге орта мектепті тамамдаған жылы “Серпін – 2050” бағдарламасы жайында естіп, қатты қуандым. Өйткені, мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып отырған осындай тамаша мүмкіндік менің арманымның жүзеге асуына жол ашты. Жағымды жаңалықты естіген жастар білім бұлағынан сусындауға еліміздің түкпір-түкпірінен солтүстікке қарай бет алды. Үмітін үкілеген “серпіндіктер” қатарына мен де қосылдым. Сөйтіп, …
Үстіміздегі жылы облысымызда орын алған су тасқынының зардабын жою, құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі ерлікке пара-пар еңбегі үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бір топ маманы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын. Солардың арасында жас құтқарушы Айбол Отарбаев та бар.
Әрбір ананың ең басты тілегі баласының саулығы емес пе?! Баласынан айрылған ананың жаралы жанын ешкімнің басына бермесін. Олай дейтін себебім, осындай жағдай өз басымнан өте жаздады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау және жедел-қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ішкі істер департаменті облыстағы құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Полиция қызметкерлері тәулік бойы табиғаттың кез келген қолайсыздықтарына қарамастан, қоғам тыныштығын сақтап, азаматтарды заңға қайшы әрекеттерден қорғап келеді.